Санитариялық қызметтің деректеріне сәйкес, Қазақстанда серозды менингиттің 197 расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 145 жағдайы (73,6%) — 14 жасқа дейінгі балаларға, ал 10 жағдай — бір жасқа дейінгі сәбилерге тиесілі.
Алдын алу шаралары
Серозды менингиттің алдын алу мақсатында келесі санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтау ұсынылады:
•Қолды сабындап мұқият жуу: сырттан келгенде, дәретханадан кейін, тамақ ішер алдында және балаға жөргек ауыстырғаннан кейін.
•Жемістер мен көкөністерді ағынды ауызсумен мұқият жуу, мүмкіндігінше қайнаған сумен шайып алу.
•Тек қана қайнатылған немесе өнеркәсіптік өндірістегі бөтелкедегі суды ішу.
•Инфекциялық ауру белгілері бар адамдармен (бөртпе, дене қызуы, жөтел, іш өту және т.б.) байланыстан аулақ болу.
•Су үнемі зарарсыздандырылып, сапасы бақыланатын бассейндерде ғана шомылу.
•Арнайы жабдықталған жағажайлар мен рұқсат етілген суға шомылатын жерлерді таңдау.
•Бала суға шомылып жатқанда, ата-аналар оның суды жұтып қоймауын қадағалауы керек.
•Тағам өнімдерін шыбындар мен басқа да жәндіктерден қорғау.
Аталған ережелерді сақтау өзіңіз бен жақындарыңызды бұл аурудан қорғауға көмектеседі.