Санитарлық қызметтің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері ел бойынша 9 000-нан астам жедел ішек инфекциясы (ЖІИ) тіркелді. Ауру жұқтырғандардың 72%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар. Аптасына 500-ге жуық жаңа жағдай анықталуда.
ЖІИ-нің алдын алу – өз қолыңызда!
Өзіңіз бен жақындарыңызды қорғау үшін мына қарапайым ережелерді сақтаңыз:
– көшеден келген соң, тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабындап жуыңыз;
– тек қайнатылған немесе бөтелкедегі сапалы суды тұтыныңыз;
– жеміс-жидек пен көкөністі мұқият жуып, қайнаған сумен шаюды ұмытпаңыз;
– тек жақсы термиялық өңдеуден өткен тағамдарды жеңіз;
– жарамдылық мерзімі өткен немесе тоңазытқышта сақталмаған өнімдерді пайдаланбаңыз;
– дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз;
– ас үйдің, ыдыс-аяқ пен кесу құралдарының тазалығын сақтаңыз, шикі және дайын өнімдерге арналған жеке пышақ пен тақтайша пайдаланыңыз;
– тағамды жәндіктер мен кеміргіштерден қорғалған жабық ыдыста сақтаңыз;
– үйдегі зиянкестерден дер кезінде арылыңыз;
– үй мен аула тазалығын қадағалаңыз;
– тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылыңыз, суға түскенде ауызға су кіргізбеңіз.
Есіңізде болсын: тазалық пен гигиенаны сақтау – жаз мезгілінде инфекциядан қорғанудың ең тиімді жолы.