2025 жылдың 25 аптасының қорытындысы бойынша елде холера, іш сүзегі және паратиф аурулары тіркелмеген.
Аталған топтағы инфекцияларының болмауы жүргізіліп жатқан профилактикалық және қарсы індеттік шаралардың тиімділігін, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ведомстволық өзара іс-қимылдың үйлесімділігін дәлелдейді.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ескертеді:
– жеке бас гигиенасын сақтау,
– қауіпсіз ауызсуды пайдалану,
– тағам өнімдерінің сапасына және сақтау шарттарына назар аудару —
әркімге қолжетімді алдын алу шараларының негізі болып табылады.
Өз денсаулығыңызға қамқор болу — елдің жалпы амандығы мен қауіпсіздігіне қосқан үлес.
Таза қол, қауіпсіз су, тексерілген тағам — өмірді сақтайтын қарапайым әрекеттер.
Денсаулығыңыз мықты болсын! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.