Босану және балалар денсаулығындағы инфекцияларды бақылау ана мен нәресте өлімін төмендетудің негізгі факторы болып табылады

Пренатальды бақылау, босану және неонатальды күтіммен айналысатын мекемелер әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтеріне сәйкес, жүктілік пен босану кезінде пайда болатын инфекциялар ана өлімі мен ауыр аурулардың негізгі себептерінің бірі болып табылады.

ДДСҰ зерттеуі бойынша, әрбір 10 000 нәрестені жаңа туған 70 әйелде ауруханаға жатқызуды қажет ететін күдікті немесе расталған инфекция бар, оның ішінде 11-і ауыр асқынулармен. Ауруханалардағы ана өлімінің жартысынан көбі инфекциялардан туындайды, олардың 10% – ы сепсис жағдайлары, әсіресе табысы төмен және орташа елдерде.

2025 жылғы 23-24 маусымда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қызметкерлері: Гаухар Агажаева мен Ақниет Жарылқасымова Алматыдағы “Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы” ШЖҚ КМК-да консультациялар мен әдістемелік жұмыстар жүргізді.

* Қызметкерлерді оқытумен қатар бөлімшелердің жұмысына талдау жүргізілді.

* Инфекциялық бақылау және микробқа қарсы агенттерді тиімді пайдалану бойынша сабақтар өтті.

* Алматының ахуалдық орталығында инфекциялық бақылау бойынша индикаторлық көрсеткіштердің өзгеруі зерттелді.

Клиника білікті мамандар тобының арқасында инфекциялық бақылау принциптеріне жоғары міндеттеме көрсетеді.

“Инфекцияны бақылау – бұл процедуралар жиынтығы ғана емес, бұл жауапкершілік мәдениеті. Алиата қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында біз медициналық қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға шын жүректен мүдделі топты байқадық”, – деп атап өтті ҚР ДСМ ДСҰО бағдарламасының Ұлттық кординаторы Гаухар Агажаева.