2025 жылдың маусым айында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Түркістан облысында осы саладағы медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту өткізді.
182 маман, оның ішінде медициналық ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшылары, госпитальдық эпидемиологтар, медбикелер мен дәрігерлер (акушер-гинекологтар, неонатологтар, анестезиологтар, хирургтар және т.б.) аналар мен жаңа туған нәрестелердегі инфекциялардың алдын алудың заманауи стандарттары мен тәсілдері туралы білім алды.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ПИИК және АМР үйлестіру бөлімінің басшысы Гаухар Агажаева инфекциялардың алдын алу – болашақ ұрпақтың денсаулығына негізгі инвестиция, ал персоналды оқыту – қауіпсіздік мәдениетінің негізі екенін атап өтті.
Бұл оқытуды өткізу мемлекеттің босану және бала денсаулығын сақтаудағы инфекциялық қауіпсіздікке басымдық беретінін растайды.