Алматыда нандағы тұздың азаюы талқыланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “2025-2026 жылдарға арналған дұрыс тамақтануға жәрдемдесу” Жол картасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нан мен нан-тоқаш өнімдеріндегі тұздың құрамын төмендету, сондай-ақ тұзсыз нан шығару мәселелері бойынша өңірлік семинар өткізді.

Семинарға ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының СЭСжМҒО филиалының санитарлық дәрігері Қ.Х.Әбдіжаббарова, “Атамекен” өңірлік кәсіпкерлер Палатасы, сондай-ақ қаланың нан пісіру және тамақ кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында бастаманы іске асырудың ықтимал тетіктері талқыланды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары, сондай-ақ бірінші кезекте қайта қарауға жататын тұзы құрамы жоғары өнімдер тізбесінің жобасы ұсынылды.

Семинар қорытындысы бойынша кәсіпкерлер салауатты тамақтануды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруға одан әрі қатысуға қызығушылық танытты және нан-тоқаш өнімдеріндегі тұзды азайту бойынша әкімдікпен ықтимал келісімдер жасасу үшін жағдайларды пысықтауға дайын екендіктерін білдірді.