Босандыру қызметі мекемелерінде инфекциялардың алдын алуды және инфекциялық бақылауды жетілдіру

Технологияның қарқынды дамуымен және медициналық көмектің сапасына қойылатын талаптардың жоғарылауымен сипатталатын қазіргі заманауи денсаулық сақтауда медициналық көмекке байланысты инфекциялардың алдын алу (ПИИК) және микробқа қарсы төзімділік (АМР) пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды аспектілерінің біріне айналуда.
Алайда, техникалық регламенттер мен озық технологиялардың болуы табысқа кепілдік бермейді.
Ауруханаішілік инфекциялармен және антибиотиктерге төзімді микроорганизмдердің таралуымен күресте шешуші рөлді медициналық ұйымның барлық деңгейлерінде – жоғары басшылықтан бастап қарапайым қызметкерлерге дейін тиімді көшбасшылық атқарады.
Бұл көшбасшылық тек әкімшілік функция ғана емес, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және тәжірибені тұрақты жақсартуға бағытталған кешенді стратегия болып табылады.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі – біліктілікті арттыру курсының дәріскері Гаухар Агажаеваның айтуынша, “тиімді көшбасшылықсыз, тіпті ең жақсы жазылған медициналық көмекке байланысты инфекциялардың алдын алу нұсқаулығы да формальды болып қала береді. Мүдделі, құзыретті және жауапты басшы болған жағдайда инфекциялық қауіпсіздік көрсеткіштері әрқашан жоғары болады.
Кәсіби көшбасшылықты қалыптастыру – бұл пациенттердің денсаулығына, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне және бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына инвестиция”, – деп атап өтті дәріскер.
2025 жылдың 16-20 маусым аралығында Түркістан облысында ҚДСҰО маманы Гаухар Өнерханқызы 41 басшыны, медициналық ұйымдардың орынбасарларын, орта буын менеджерлерін біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша: “Босандыру және балалар денсаулығын сақтау ұйымдарында инфекциялар мен инфекциялық бақылаудың алдын алудағы көшбасшылық” тақырыбын оқытты.
Бұл бағыттағы жұмыс өңірлік медициналық мекемелерде жалғасуда.