2025 жылдың 20 маусымында ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «СЭСжМҒПО» филиалының (бұдан әрі – «СЭСжМҒПО» филиал) мамандары гибридті форматта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің дәрігер-эпидемиологтары, аумақтардың штаттан тыс эпидемиологтары, сондай-ақ медициналық ұйымдардың госпитальдық эпидемиологтарына арналған «Орталықтандырылған стерилизация бөлімшелері: инновациялар, халықаралық стандарттар және пациенттердің қауіпсіздігіне арналған технологиялар» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға «СЭСжМҒПО» филиалының базасында 80-нен астам адам офлайн режимде, және 300 ден астам адам онлайн режимде қатысты.
Іс-шараның мақсаты — стерилизация және инфекциялық бақылау саласындағы мамандардың хабардарлығын және кәсіби деңгейін арттыру, науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін озық технологиялар мен халықаралық стандарттарға баса назар аудара отырып, тәжірибемен бөлісу.
Семинар аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар, таратылатын ақпараттық материалдар табысталды.