Қолданбалы эпидемиологияға бағытталған FETP Frontline бағдарламасы аясындағы оқыту, Пандемиялық қордың қолдауымен ресми түрде басталды

2025 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» Қолданбалы эпидемиологияның базалық бағдарламасы – FETP Frontline бойынша оқытуды бастады.

FETP Frontline базалық бағдарламасы – бұл аудандық деңгейдегі эпидемиологиялық қадағалауды күшейту, індеттерді зерттеу мен әрекет ету қабілеттерін жақсарту, тиімді коммуникацияны дамыту және шешім қабылдауға арналған деректердің қолжетімділігі мен пайдалануын арттыру арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологтарының кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

FETP Frontline бағдарламасының тыңдаушылары – ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандары (15 өңірден), сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 3 өңірден келген мамандар.

FETP Frontline бағдарламасы Пандемиялық қор аясында, Қазақстандағы ДДСҰ елдік офисінің үйлестіруімен және АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) техникалық қолдауымен жүзеге асырылады.

Оқыту аралас форматта өтеді: теориялық бөлім – 25% (үш семинар түрінде), олар «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылы-практикалық орталығы» филиалының базасында өтеді. Практикалық бөлім өз жұмыс орындарында іске асырылады, онда қатысушылар алған білімдерін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті міндеттерді шешу үшін қолданады.

«FETP-frontline шеңберінде СЭБК АД мамандары эпидемияға қарсы іс – шаралардың жүргізілуіне статистикалық талдау және бағалау жүргізе отырып, жұқпалы аурулардың өршуін эпидемиологиялық тергеп-тексерудің заманауи негіздерін оқитын болады», – деп түсіндірді ҚР ДСМ ҚДСҰО Басқарма төрағасының орынбасары Манар Смагул.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар 150 академиялық сағатқа (5 кредитке) тең біліктілікті арттыру туралы куәлік алады.