Энтеровирустық инфекция: жаз айында денсаулыққа төнетін қауіп

Жылы мезгілдің басталуымен ең көп таралған, әсіресе балалар арасында таралған маусымдық аурулардың бірі – энтеровирустық инфекцияның таралу қаупі артады. Энтеровирустық инфекцияның өршуі, көбінесе, көктем-жаз және жаз-күз мезгілдерінде және ашық ауада белсене демалумен, ашық су айдындарында шомылумен және санитариялық-гигиеналық нормалардың бұзылуымен байланысты болады.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының деректері бойынша, 2025 жылдың басынан бері 113 энтеровирустық инфекция жағдайы тіркелді, оның ішінде 72 жағдай — 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді.

Энтеровирустық инфекция дегеніміз не?

Энтеровирустық инфекция – бұл ішек вирустары тудыратын жіті вирустық аурулар тобы. Ауру әртүрлі өтуі мүмкін – жеңіл респираторлық белгілерінен бастап орталық жүйке жүйесін зақымдайтын ауыр түрлеріне дейін болады.

Жұқтыру жолдары:

  • тұрмыстық байланыс (лас қол, тұрмыстық заттар арқылы),
  • су (ластанған су арқылы, әсіресе шомылған кезде),
  • тағам (жуылмаған көкөністер, жемістер және сапасыз тағамдар арқылы),
  • ауа тамшы арқылы (түшкіру және жөтелу кезінде).

Қауіп-қатер тобында кімдер бар?

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар, сондай-ақ иммунитеті төмен адамдар энтеровирустық инфекцияны жұқтыруға бейім келеді. Көбінесе балалар ұжымдарында, ойын алаңдарында, демалыс лагерлерінде инфекция жұғады.

Аурудың симптодары

Ауру белгілері әртүрлі болуы мүмкін:

  • дене қызуының көтерілуі,
  • іштің ауыруы, жүрек айну, құсу,
  • нәжістің бұзылуы,
  • тамақ ауруы, жөтел, мұрыннан су ағу,
  • терідегі бөртпе,
  • ауыр жағдайларда – бас ауруы, мойын бұлшықеттерінің қаттылығы (регидтілігі), құрысу, сананың бұзылуы.

Егер осы белгілердің кез келгені байқалған жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет және өз бетінше емделмеу керек.

Өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?

Энтеровирустық инфекцияның алдын алу қарапайым, бірақ тиімді гигиена ережелеріне негізделеді:

– Су ішу және тамақ дайындау үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ғана пайдаланыңыз;
– Тамақтанар алдында, даладан келген соң, дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
Көкөніс, жеміс-жидектерді ағынды сумен жуу, щетканы пайдалану, содан кейін қайнаған сумен шайқау;
Ресми түрде рұқсат етілген су айдындарында ғана шомылыңыз, суды жұтып қоймауға тырысыңыз;
– Жеке адамдардан және белгіленбеген сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмаңыз;
– Күнделікті өмірде, әсіресе тамақ дайындау және балаға күтім жасау кезінде санитариялық қағидаларды сақтаңыз;
– Иммунитетті нығайтыңыз: толыққанды тамақтану, физикалық белсенділік, денені шынықтыру ауру қаупін азайтуға көмектеседі.

Есіңізде болсын:

Энтеровирустық инфекция – зиянсыз маусымдық ауру емес. Кейбір жағдайларда ол қатты асқынуы мүмкін. Негізгі қорғану тәсілі – жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, әсіресе ыстық кезеңде гигиенаны сақтау керек.

Әлсіздік белгілері байқалған кезде дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыз!