Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, біздің қадірлі дәрігерлер, эпидемиологтар, зертханашылар, профилактика мамандары және ұлт денсаулығын күнделікті қорғайтын барша жандар!

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының атынан кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Сіздердің жұмыстарыңыз жай ғана кәсіп емес, қастерлі міндет әрі үлкен жауапкершілік. Бұл – халыққа қызмет ету, әр адамның денсаулығына жауапкершілікпен қарау және ел болашағына үлес қосу. Сіздер бірінші болып сын- тегеурінге ден қоясыздар, індет қаупімен күресесіздер, профилактиканы енгізесіздер, өзіңізге және басқаларға қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастырасыздар.

Іске берілгендіктеріңіз үшін, құзіреттіліктеріңіз бен шексіз адамгершіліктеріңіз үшін рахмет.

Еңбектеріңіз еленіп, елге танылып, әрбір күніңіз шаттыққа толсын, адамдардың алғысына бөлене беріңіздер!

Сіздерге зор денсаулық, кәсіби өсу, отбасыларыңызға амандық, болашаққа деген нық сенімділік тілеймін.

Құрметпен және игі тілекпен,
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасы