Қарақұрт – “Қара жесір”: әрбір адам нені білуі керек?

Жазғы аптаптың басталуымен Қазақстанда ең қауіпті жәндіктердің бірі — қара жесір ретінде белгілі қарақұрттың белсенділігі артады.

Ұлттық энциклопедия деректері бойынша, қарақұрттар Қазақстанның шөлді және дала аймақтарында, әсіресе үнемі ыстық болатын кезеңде белсенді түрде көбейеді. Жоғары температура өрмекшілердің көбеюін тездетіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың уының уыттылығын арттырады.

Қаракұрттың  ұрғашылары өте үлкен қауіп төндіреді — олар еркектеріне қарағанда едәуір ірі және күшті нейроуытты уы болады. Шаққан кезде ауыр симтомдар туындауы мүмкін, әсіресе балаларда, қарт адамдарда және созылмалы аурулары бар адамдарда ауыр болуы ықтимал.

Қарақұрт шағуының алдын алу:

– Өрмекшілердің тіршілік ететін жерлері: ну ағаш, ескі құрылыс, тастардың үйіндісі, отын, кеміргіштердың ұясы және қоқыстардың жиналған жерлерінен аулақ болыңыз.
– Көшеде жұмыс істеген кезде қорғаныс киімін киіңіз: қолғап, тығыз шалбар, жабық аяқ киім, ұзын жең.
– Табиғат аясында демалу кезінде бұталардан, қураған ағаш бұтақтарынан және ұялардан алыс ашық, таза жерлерді таңдаңыз.
– Палаткаларда, ұйықтайтын қапшықтарда, аяқ киімдер мен киімдерде өрмекшілер мен басқа да буынаяқтылардың бар-жоғын тексеріңіз.
– Түнде ашық ауада ұйықтаған кезде москит торларын немесе арнайы тосқауыл құрылғыларын қолданыңыз.

Қарақұрт шағып алған кезде не істеу керек?
1.    Сабырлы болыңыз. Үрейленбеңіз. Уақтылы көмек көрсетілсе, шаққаннан адам өлмейді.
2.    Қозғалысты азайтыңыз. Бұл удың таралуын бәсеңдетуге көмектеседі.
3.    Шаққан жерді жуыңыз. Сабын мен таза суды қолданыңыз.
4.    Салқын нәрсе қойыңыз. Мұзды матаға орап, шаққан жерге қойыңыз.
5.    Ауырсынуды басатын дәрі ішіңіз. Парацетамолды немесе ибупрофенді ішуге болады.
6.    Жгут қолданбаңыз! Бұл жағдайды нашарлатуы мүмкін.
7.    Дәрігерге қаралыңыз. Дереу жақын жердегі медициналық мекемеге барыңыз.
8.    Дәрігерге шаққаны туралы хабарлаңыз. Егер сіз оның қарақұрт екеніне сенімді болсаңыз, өрмекшінің түрін айтыңыз.
9.    Симптомдарды бақылаңыз.
Үрей тудыратын белгілер:
– іштің, кеуденің, арқаның қатты ауыруы;
– бұлшықет спазмы;
– жүрек айну, құсу;
– терлеу, бас айналу.

Маңызды: уды соруға тырыспаңыз – бұл тиімсіз және денсаулыққа қауіпті!

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз. Шаққан кезде алғашқы белгілері біліне сала дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз.

Шұғыл жағдайда дереу 103 шақырыңыз.