Генетикалық түрлендірілген организм (ГТО) — гендік инженерия технологиялары арқылы ДНҚ-ға басқа организмдердің гендері енгізілген организмдер. Неліктен мұны жасайды? Өсімдіктерді зиянкестерге, құрғақшылыққа, аязға төзімді ету, өнімділікті арттыру және сақтау мерзімін жақсарту үшін жасайды.
Көбінесе түрлендіріледі:
• жүгері
• соя
• құлпынай
• картоп
• бидай және басқада дақылдар.
ГТО-ның адам денсаулығына әсер етуі толық зерделенбеген. Кейбір сарапшылар мұндай өнімдерді қауіпсіз деп есептейді, ал кейбіреулері ұзақ мерзімге сақталуына байланысты қаупін білдіріп жатады.
Сондықтан тұтынушы – құрамында ГТО бар өнімдерді сатып ала ма немесе одан бас тарта ма, таңдауға құқығы болу керек.
Қазақстан Республикасында:
ГТО мөлшерінің рұқсат етілген нормасы-0,9% аспау;
ГТО бар өнімдерді таңбалау — міндетті;
ГТО мөлшерін бақылау генетикалық түрлендірілген компоненттердің бар-жоғын дәл анықтауға мүмкіндік беретін ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісі арқылы жүзеге асырылады.
Мұндай зерттеулерді ҚР ДСМ “ҚДСҰО” ШЖҚ РМК “СЭСжМҒПО” филиалының бактериялық және паразиттік инфекциялар мен антибиотикке төзімділікті бақылау референс-зертханасы (БПИАМР РЗ) жүргізеді.
Тамақ өнімдерінің құрамын қадағалап, мұқият болыңыз және таңбалауды оқыңыз – сіздің денсаулығыңыз саналы таңдаудан басталады!