ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы балалар және сауықтыру лагерьлерін бақылауды ұйымдастыру және тамақтан уланудың алдын алу бойынша вебинар өткізді, вебинар жұмысына аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен басқармаларының және «Ұлттық сараптама орталығы» филиалдарының мамандары қатысты.
Іс-шараның мақсаты-жазғы сауықтыру маусымын ұйымдастыруды санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың тиімділігін арттыру, жазғы кезеңде маусымдық лагерьлерде жіті ішек инфекциялары мен тамақтан улану қаупін азайту.
Вебинар аясында жазғы маусым алдында балаларға арналған сауықтыру мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мынадай мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді:
лагерьлерде балалардың қауіпсіз демалуы үшін қажетті тамақтанудан бастап санитарлық жағдайға дейінгі міндетті ұймдастыру және пайдалану шарттары талданды;
Қазақстанда балалар лагерьлерінде 2024 жылы тіркелген жаппай тамақтан улану жағдайлары сараланды, қорытынды жасалып, себептері қаралды, жағдайлардың қайталанбауы үшін шаралар дайындалды;
Балалар шомылатын ашық су айдындарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға назар аударылды, үстіміздегі жылы жүргізілген мониторинг нәтижелері көрсетілді. Алдын алу шаралары қарапайым, бірақ күші бар әдістерден басталатыны жөнінде айтылды. Жазғы лагерьлерде ауыз су мен бассейндердегі қалдық хлорды анықтау бойынша экспресс әдістемелер жиі қолданылады, оларды қалай жұмыс істету туралы ұсынымдар берілді және неліктен маңызды екені түсіндірілді.
Осындай оқыту және үйлестіру іс-шараларын өткізу балалар демалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдерін нығайтуға мүмкіндік береді және жазғы кезеңдегі эпидемиологиялық қауіпті төмендетуге ықпал етеді.