Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинация жалғасуда

Қазақстан Республикасында 2025 жылдың сәуір айынан бастап жатыр мойны обыры дамуының негізгі қауіп факторларының бірі — адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияның екінші кезеңі өтіп жатыр.

2025 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша, 11-13 жас аралығындағы 144 665 қыз “Гардасил” вакцинасының бір дозасын алды. Көктемде басталған екінші кезеңде 71 654 қыз екпе алды.

АПВ-ға қарсы вакцинация онкологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған. Вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі халықаралық зерттеулерде дәлелденген. Бүгінде ол әлемнің 147 елінде, соның ішінде көршілес Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан елдерінде де қолданылады. Бірқатар елдерде белсенді иммундаудың арқасында әйелдер арасында вирустың таралуы 90% – ға төмендеді.

️ Қорғану екпеден басталады – бүгін балаларымыздың денсаулығын қорғаймыз, сол себепті ертең олардың дені сау болады.