Дүниежүзілік велосипед күніне орай ДДҰ «Қане, қозғалайық!» науқанын іске қосты

Дүниежүзілік велосипед күніне орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросы ресми түрде жаңа «Қане, қозғалайық! Көбірек жаяу жүру мен велосипед тебудің 100 себебі» науқанын іске қосты. Бастама белсенді ұтқырлықты насихаттауға бағытталған және Көлік, қоршаған орта және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі біртұтас Еуропалық бағдарламаның (ОПТОСОЗ) қолдауымен өтті.
Науқан қоршаған орта және денсаулық мәселелері жөніндегі оныншы Бонн диалогы аясында өтті, бұған Еуропа аймағының әртүрлі елдерінен 120-дан астам адам қатысты. Талқылауға жетекші халықаралық сарапшылар қатысты, оның ішінде:
* Лаймуте Вайделене, Литваның денсаулық сақтау вице-министрі;
* Лукас Хармс, директордың белсенді ұтқырлық жөніндегі орынбасары, Нидерланды инфрақұрылым және су шаруашылығы министрлігі;
* Николь Унтерзее, Бонн қ. мэрінің орынбасары, Германия;
* Лукаш Ктось, Муниципалды көлік қызметінің директоры, Гданьск, Польша;
* Джек Кавана, Мove the Needle директоры, АҚШ, фармацевт және инклюзивті орта белсендісі;
* Хенк Свартау, Еуропалық велосипедшілер федерациясының президенті, Бельгия;
* Джим Уокер, walk21 негізін қалаушы, Ұлыбритания;
* Одри де Назель, аға оқытушы, Лондон империялық колледжі, Ұлыбритания.
Өз сөздерінде іс-шараға қатысушылар жаяу жүру мен велосипед тебу тек қозғалыс жасау тәсілі ғана емес, сонымен қатар саламатты, қауіпсіз және тұрақты қалаларды құру жолы екенін атап өтті. Белсенді ұтқырлық ауаның ластануын, шу деңгейін, кептелістерді және созылмалы аурулармен сырқаттану жағдайын азайтуға көмектеседі.
ДДҰ деректері бойынша, Еуропа аймағындағы ересек адамдардың шамамен 25%-ы физикалық белсенділіктің ұсынылған деңгейіне жете алмайды. «Қане, қозғалайық!» науқаны күнделікті өмірде жаяу жүру мен велосипед тебуді енгізудің ғылыми негізделген 100 себебін ұсынады. Бұл – физикалық және психикалық денсаулықты жақсартудың, сондай-ақ қаладағы өмір сүру сапасын жақсартудың ең қарапайым және қолжетімді тәсілдерінің бірі.
Науқан денсаулық сақтау, көлік, экология және қала құрылысы саласындағы мамандарға, сондай-ақ тұрақты болашаққа ұмтылатындардың барлығына бағытталған.
Халықаралық қозғалысқа #LetsGetMoving онлайн челленджі арқылы қосылуға болады. Біз бірге белсенді ұтқырлықты өмір сүру нормасына айналдыра аламыз!