Дұрыс тамақтану қарапайым шешім қабылдаудан басталады — олардың бірі — рационға көбірек жапырақты көкөністер мен аскөкті қосу. Бұл өнімдер дәмді әрі әмбебап қана емес, сонымен қатар адам ағзасына өте пайдалы болып келеді.
Неліктен бұл маңызды?
Жапырақты көкөністер мен аскөк — қырыққабат, шпинат, руккола, салат, ақжелкен, аскөк және басқалары — А, С, К дәрумендеріне, В тобындағы дәрумендерге, сондай-ақ минералдарға, антиоксиданттарға және Омега-3 май қышқылдарына бай. Олардың құрамындағы лютеин өте құнды — көздің көруін және қан тамырларын жақсартатын табиғи пигмент.
Аскөкті үнемі тұтыну:
талшықтың көп мөлшерде болуынан ас қорытуды жақсартады;
эндокриндік жүйенің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді;
2-ші типті қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларын қоса алғанда, созылмалы аурулардың қаупін азайтады.
Сапалы аскөкті қалай таңдауға болады?
Аскөк пайдалы болу үшін оны дұрыс таңдау маңызды. Тамақтану және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшылар мынадай кеңес береді:
Рұқсат етілмеген сауда орындарынан аскөк сатып алудан аулақ болу. Рұқсат етілмеген базарлардағы көкөністерді қауіпті жағдайларда — пестицидтерді қолдану арқылы немесе ластанған топырақта өсіруі мүмкін.
Сыртқы түрін бағалау. Жапырақтары қанық жасыл түсті, солмаған, қараймаған, шеттері бүтін болуы немесе шірік белгілері болмауы керек.
Иісін тексеру. Аскөк балғын күйінде хош иісті болады. Иістің болмауы немесе жағымсыз иістің болуы аскөктің ескіргенін немесе бүлінгенін білдіруі мүмкін.
Қаптамасын қарау. Қаптамасы бүтін болып, жинау күні мен сақтау мерзімі айқын көрсетілуі тиіс. Егер аскөк вакуумға немесе пленкаға салынса –ауа кірмегенін тексеріңіз.
Қолданар алдында мұқият жуу. Аскөк тіпті таза болып көрінсе де, оны кем дегенде бес минут ағын сумен жуып, мүмкін болса, шамамен бір сағат салқын суға салып қойған дұрыс.
Жапырақтары солған өнімдерді пайдаланудан аулақ болу. Тіпті ішінара бүлінген аскөк токсиндер мен бактерияларды жұқтыру көзі бола алады.
Жапырақты көкөністер мен аскөк – дұрыс тамақтанудың ажырамас бөлігі. Олар өмірлік күш-қуатты сақтауға, иммунитетті нығайтуға және көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі. Ең бастысы – дұрыс таңдау және жауапты болу. Қарапайым ұсынымдарды қадағалап, ас мәзіріңізге шынымен пайдалы және қауіпсіз өнімдерді қоса аласыз.