2025 жылғы 5 мамырда Астана және Алматы қалаларында ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мамандары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасын қолдай отырып, 2008 жылдан бері жыл сайын аталып өтетін Қол гигиенасы күніне арналған жаһандық қоғамдастықтың шарасына қосылды. 2025 жылғы ДДҰ науқанының ұраны: «Медициналық қолғап — қажет болғанда. Қол гигиенасы — үнемі».
ҚР ДСМ ҰҚДСО ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының базасында 2022–2027 жылдарға арналған инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру жоспары аясында жоспарланған «Қол гигиенасы күні» атты республикалық семинар гибридті форматта өткізілді.
Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 300-ге жуық медицина қызметкері мен денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты.
Семинар бағдарламасында қол гигиенасын сақтау қағидалары мен медициналық тәжірибеде бір реттік қолғаптарды шектеулі қолданудың өзекті мәселелері, бұл әр пациенттің, медицина қызметкерлерінің және қоршаған ортаның денсаулығын сақтауға бағытталған тәсілдер қарастырылды. Сондай-ақ тері антисептиктерін қолданудың заманауи тәсілдері мен технологиялары, ДДҰ құралы (HHSAF) бойынша өзіндік бағалау нәтижелері, тиімді стандартты операциялық процедураларды (СОП) әзірлеу талаптары талқыланды, стандарттарды орындауда жиі кездесетін қателіктер мен кедергілерге талдау жүргізілді және қолды өңдеу техникасы бойынша шеберлік сабағы өткізілді.
Семинар аясында ақпараттық науқан бастау алды. Оның шеңберінде медициналық ұйымдар арасында қол гигиенасы бойынша ең үздік оқыту контентіне арналған посттар, бейнероликтер және байқаулар орналастырылады. Бұл медициналық қызметкерлердің білімін, практикалық дағдыларын арттыруға және медициналық ұйымдарда қол гигиенасы мәдениетін орнықтыруға негіз болады. Ал халықты белсенді ақпараттандыру – денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтуға және инфекциялардың таралу қаупін азайтуға ықпал етеді.