Конго-қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ)

Бұл аса қауіпті инфекция. КҚГҚ-мен ауырған адамдардың 40%-ы қайтыс болады. КҚГҚ вакцинасы жоқ!

Конго Қырым геморрагиялық қызбасы қалай жұғады?

  • кене шаққанда;
  • кенені жалаң қолмен езу – жаншу;
  • жануарларды сою, бөлшектеу кезінде;
  • індетпен ауырған науқастың қанымен жанасу арқылы жұғады.

Конго Қырым геморрагиялық қызбасының клиникалық белгілері?

  • дене қызуы көтерілу;
  • бас, буын және бел ауыру;
  • мұрын, тістің қызыл еттен қан кету;
  • денеде қан бөртпелері байқалады.

 КҚГҚ кезіндегі алдын алу шаралары:

  • серуендеу кезінде әр 2-3 сағат сайын денені қарау;
  • сіздің қолыңызды және аяқтарыңызды тығыз жабатын киім кию;
  • кенелерді үркітетін репеллентті аэрозольдерді қолдану;
  • кенелерді улайтын акарицидті аэрозольдерді қолдану;
  • кенені алып тастау кезінде қолғап кию;
  • жануарларды сою және оларды күту кезінде қолғаптар мен басқа да қорғаныс құралдарын пайдалану.

МАҢЫЗДЫ! Егер де сізді кене шаққан болса медициналық мекемелерге міндетті түрде хабарлаңыз.