Ішек инфекцияларының қоздырғыштары

Ішек инфекцияларының қоздырғыштары – асқазан-ішек жолының айрықша зақымдануымен әртүрлі микроорганизмдер тудыратын аурулардың үлкен тобы. Аурудың 5000-ға дейін нозологиялық түрері белгілі. Ішек инфекцияларына дизентерия, шигеллез, сальмонеллез, сүзекті-паратифозды аурулар (іш сүзегі, А және Б парасүзектері), эшерихиоз, иерсиниоз, тырысқақ, гастроэнтерит, тағамдық уытты инфекциялар және т.б. жатады.

Ішек инфекцияларының қоздырғыштары сыртқы ортада өте төзімді болады, ауру тудыратын қасиеттерін бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін, тіпті бірнеше айға дейін сақтайды. Патогенді ішек таяқшасы, іш сүзегінің, вирустық гепатиттің қоздырғыштары, вирустар сыртқы ортаға олардан да төзімді болып келеді. Қоздырғыштардың берілуіне бірнеше негізгі факторлар қатысуы мүмкін: су, тамақ өнімдері, топырақ, тұрмыстық заттар, тірі тасымалдаушылар (мысалы, жәндіктер) және т.б.

Тамақ өнімдерінде ішек инфекцияларының қоздырғыштары сақталып қана қоймайды, сонымен қатар өнімнің сыртқы түрін де, дәмін де өзгертпестен, белсенді түрде көбейеді. Бірақ жоғары температура әсер еткен кезде, мысалы, қайнағанда, ішек инфекцияларының қоздырғыштары өледі.

Ішек инфекцияларының пайда болуына бейімді факторлар:
жылдың жаз мезгілі – ауа температурасының жоғары болуы – суда, топырақта, тағамда азық-түлікте қоздырғыштардың көбеюіне ықпал етеді;
балалардағы иммундық тапшылық жағдайлары;
орталық жүйке жүйесінің перинаталдық патологиясы.

Асқазан-ішек жолы инфекцияның кіру қақпасы және «нысана» – ағза болып саналады.Науқас адамдар, бактерия тасымалдаушылар, сондай-ақ микробтарды ішектен қоршаған ортаға шығаратын жануарлар да ішек инфекциялары қоздырғыштарының көзі болып табылады. Адамдардың ішек инфекцияларына бейімділігі өте жоғары. Әсіресе балалар бейім келеді.

Қоғамдық және жеке гигиена шаралары сақтамалмаған жағдайларда ішек инфекциялары өте жұқпалы болады да, науқас адамдардың айналасындағылар арасында тез таралып, адамдардың жаппай ауруын тудыруы мүмкін.

Ішек инфекцияларын жұқтыру және тарату факторларының бірі – су. Ашық су қоймалары суын және еріген суды ішкенде, ыдыс-аяқты, қолды, көкөністер мен жемістерді жуғанда пайдаланылған сулар ішек инфекцияларын жұқтыру қаупі болып табылады. Ашық су айдынында жүзген кезде де инфекция жұқтыруы мүмкін. Құдықтағы суды ішу ішек инфекцияларын жұқтыруға әкелуі мүмкін. Су арқылы тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия, сальмонеллез, А вирустық гепатиті және т.б. таралуы мүмкін. Әртүрлі аурулардың қоздырғыштары тұрмыстық заттарда да болуы мүмкін, әсіресе отбасында қандай да бір аурумен ауырған науқас адам (немесе тасымалдаушы) болса, ыдыс-аяқ, балалардың ойыншықтары, сүлгілер арқылы ішек инфекцияларының жұғуы ықтимал

Берілу жолдары:
тұрмыстық-байланыс (ластанған тұрмыстық заттар, ойыншықтар, емізік, кір қол арқылы);
тағам (дұрыс өңделмеген, сапасыз тамақ өнімдерін жеген кезде);
су (қайнамаған суды ішкенде, ашық су айдынына шомылғанда).

Дені сау адамның ағзасына ішек инфекциясының қоздырғыштары ауыз арқылы: тамақпен, сумен немесе лас қолмен енеді. Мысалы, крандағы суды немесе жаңа сауған (қайнатылмаған) сүтті ішетін болса, дизентерия болуы мүмкін. Ішек таяқшасы – сапасыз айран немесе йогурт жегенде болады.

Сальмонеллез қоздырғыштары адамға кез келген бұзылған өнімдер: тауық еті мен жұмыртқасы, пісірілген шұжық, нашар немесе лас сумен жуылған көкөністер және аскөк арқылы енеді;

Ағзаға микробтар енгеннен кейін ауру 6-48 сағат ішінде басталады.

Ішек инфекциялары ауруының негізгі көрсетілімдері:
• құсу (тәулігіне 3 ретке дейін немесе одан да көп);
• диарея (кейде күніне 10-15 ретке дейін, кейде шырыш аралас болады)
• температураның 37-38°С дейін көтерілуі; -жүрек айну, әлсіздік, енжарлық;
• іштің, төс шеміршек астының немесе кіндік айнасаласының толғақ тәрізді ауыруы;
• кейде қалтырау, тахикардия, қан қысымының төмендеуі болады;
• және кейде естен тану және бұлшық еттердің құрысуы байқалады;
• ауыр жағдайларда – айқын интоксикация және сусыздану болады.

Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, өзін-өзі емдеуге болмайды!

Халық арасында жіті ішек инфекцияларымен (бұдан әрі – ЖІИ) сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз деп сипатталады. 2025 жылдың бірінші тоқсанында барлығы 3085 жағдай тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 15,13 құрады.

2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың 8,08%-ға өскені байқалады. Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың республикалық көрсеткіштен артуы Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар облыстарында және Астана, Шымкент қалаларында байқалады. ЖІИ жас құрылымында 14 жасқа дейінгі балалар ауру жайдайының 41,4%-ын (2414) құрайды.

Республикада биыл бактериялық дизентериямен сырқаттанушылық өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі деңгейде тұр, бұл тұрақты эпидемиологиялық ахуалды көрсетеді. Бұл ретте сырқаттанушылықтың 14 жасқа дейінгі балалар арасында 4 жағдайға және 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 2 жағдайға төмендегені байқалады.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан және Астана қаласынан басқа барлық өңірлерде республикалық көрсеткіштен төмендегені байқалады. 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикада сальмонеллез ауруы 29,20%-ға өскені, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 2 жағдайға азайғаны байқалады. 14 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық 40,07%-ға артқаны байқалады. Барлығы 180 сальмонеллез жағдайы тіркелді, оның ішінде 90 жағдай (50%) 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында – 1 жағдай (0,6%) тіркелді. Аурудың артуы Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарын қоспағанда барлық өңірлерде байқалады. 2025 жылдың бірінші тоқсанында қадағалау және бақылау объектілеріне байланысты жаппай тамақтан уланудың 7 оқиғасы тіркелді, зардап шеккендер саны – 115 адам, оның ішінде 61-і – балалар, өліммен аяқталғаны – 0.

Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында 1 жағдайдан тіркелді. Жалпы уланулардың 57,1%-ы білім беру объектілерінде (Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстары) және 42,9%-ы қоғамдық тамақтану объектілерінде (Қарағанды, Түркістан облыстары және Шымкент қаласында) орын алған. 2025 жылы қадағалау және бақылау объектілерімен байланысты топтық тағамдық жұқпалы аурулардың өсуі байқалады.

Ішек инфекцияларының алдын алу мынадай қарапайым гигиена ережелерін қамтиды:
1. Жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау, тамақ дайындар алдында, тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, сырттан келгенде қолды сабынмен мұқият жуу; Суды ішу үшін қайнатылған, бөтелкедегі немесе ағын суды тазарту жүйесі бар ауыз суды пайдалану.
2. Кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан азы-түлік сатып алудан аулақ болу.
3. Жеміс – жидектерді, оның ішінде цитрус жемістері мен банандарды, көкөністерді ағынды судың асында мұқият жуу, содан кейін оларды қайнаған сумен шаю.
4. Құйылып сатылатын сүтті қайнағаннан кейін ғана қолдану.
5. Шикі сүттен жасалған немесе өлшемелі сүзбені тек термиялық өңдеуден өткеннен кейін қолдану.
6. Жылы өңдеуді қажет ететін және тұтынуға дайын азық-түлікті (ет және кондитер өнімдерін, көкөністер мен нанды және т.б.) сулы сөмкемен алып жүрмеңіз; тез бұзылатын тамақ өнімдерін сатып алғанда олардың жарамдылығына мұқият қарап, міндетті түрде таңбалауына назар аударыңыз.
7. Барлық азық-түлік өнімдерін таза, жабық контейнерлерде сақтау керек.
8. Тез бұзылатын өнімдерді, температура режимі мен жарамдылық мерзімін қадағалап, тоңазытқышта сақтау керек.
9. Тұрғын үйді міндетті түрде таза ұстау, жиі желдетіп, күнделікті ылғалды тазалау жүргізу керек.
10. Жаз айларында ашық су айдындарында тек қана арнайы бөлінген орындарда ғана шомылу.
11. Вокзалдарда, әуежайларда, көпшілік демалатын жерлерде бөтелкедегі және газдалған суды тек бір рет қолданылатын стақанмен ішу керек.