Полиэтиленнің қаупі неде?

Полиэтилен – қаптама материалдарын, пластикалық пакеттерді, бөтелкелер және басқа да бұйымдар өндірісінде неғұрлым кеңінен қолданылатын пластиктердің бірі болып табылады. Оның үнемділігіне қарамастан, полиэтилен қоршаған орта мен адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Бүгін біз полимерлер мен басқа да химиялық заттар токсикологиясы зертханасының меңгерушісі Әсел Қазбекқызы Кәрібаевамен полиэтиленнің неге соншалықты зиянды екенін анықтауға тырысамыз.
Пластмассаның қасиеттерiн жақсарту мақсатында қосылатын кейбiр химиялық заттар, ағзаға ену арқылы тiндерде жинақталып, әр түрлi аурулар тудыруға қабiлеттi екендігі күмән келтірмейді.
1.  Фталаттар – пластмассаның икемділігін арттыру үшін қолданылатын химиялық қосылыстар тобы. Олар пластикалық бұйымдардан бөлініп, қоршаған ортаға түсуі мүмкін. Фталаттар тері немесе тыныс алу жолдары арқылы  ағзаға енеді, әртүрлі ағзаларға таралып, тіндерде жиналады. Олардың әсері өкпенің, бауырдың, бүйректің зақымдануымен ғана қоймай, жүкті әйелдердің ұрығының дамуының бұзылуымен тікелей байланысты.
2. Поливинилхлорид (ПВХ) өндірісінде қолданылатын винилхлорид белгілі канцероген болып табылады. Оның ПВХ өнімдерінен тағамға, содан кейін адам ағзасына көшіп, қатерлі ісік қаупін арттыратыны туралы деректер бар.
3. Микропластик – суда, тағамда және тіпті ауада кездесетін, пластик қалдықтарының ыдырауы нәтижесінде пайда болатын өлшемі 5 мм-ден аз пластиктің ұсақ бөлшектері. Бөлшектердің, бұндай өлшемі, адамдар үшін сөзсіз дерлік етеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының полимерлер токсикологиясы зертханасының қызметкерлері парфюмерлік-косметикалық өнімдерде қолданылатын микропластиктың қауіптілігін токсикологиялық бағалау арқылы жүзеге асырады. Көлемі < 5 мм полимерлер косметикада кеңінен пайдаланылады және абразивтік бөлшектер (скрабтар), қоюлатқыштар және үлдір түзетін агенттер ретінде жуу құралдарында қолданылады. Зертхана қызметкерлерінің зерттеу нәтижесінде, оның адам денсаулығына ықпалының қауiптi болуы мүмкiн екенiн көрсетедi.

Жуғыш заттардан микропластик ағзаға келесі амалдар арқылы ене алады:
1) тері арқылы – өлшемі < 1 мкм кішігірім бөлшектер зақымданған тері немесе түк фолликулдары арқылы  өтуі мүмкін;
2) тыныс алу арқылы – егер микропластик аэрозольдарда немесе көбіктенетін құрамдарда болса;
3) ас қорыту жолы арқылы – кездейсоқ жұтқан кезде (мысалы, ауыз жуғанда немесе себезгіде ауыз ішіне су түскенде).

Ықтимал уыттылығы қандай?
1. Физикалық уыттылығы
• Бөлшектер терінің механикалық тітіркенуіне әкелуі мүмкін, әсіресе абразивті скрабтарды пайдалану кезінде.
• Көздің бітелуі және қабыну реакциялары болуы мүмкін.

2.Химиялық уыттылығы
• Фталаттар – гормондық балансқа әсер ететін эндокриндік дисрупторлар.
• Бисфенол А (BPA) – нейротоксин және ықтимал канцероген.
• Полихлорланған бифенилдер (ПХБ) және пестицидтер – пластиктің бетіне адсорбцияланып, ағзаға түседі.
=Олар гормондық теңгерімнің бұзылуына (қалқанша безінің дисфункциясы, фертильділіктің төмендеуі), тотығу стрессіне және созылмалы әсер ету кезінде тіндердің қабынуы мен канцерогендік әсерге әкеледі.

Қауіптерді қалай азайтуға болады?
1. Құрамында Polyethylene (PE), Polypropylene (PP), Nylon, PMMA бар құралдардан аулақ болыңыз.
2. Табиғи аналогтарды (қант, тұз, жеміс сүйектерін) таңдаңыз.
3. Микропластиксыз экологиялық сертификатталған косметиканы пайдаланыңыздар.