Пластмассадан жасалған ойыншықтар: сатып алған кезде неге көңіл бөлу керек?

Пластмассадан жасалған ойыншықтар беріктігімен, күтімінің қарапайым болуымен және қолайлы сақталуымен ерекшеленеді. Алайда таңдау кезінде бұйымның сыртқы түрі мен функционалдығын ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік деңгейін де ескеру қажет.

Негізгі қауіп
Пластмассадан жасалған ойыншықтарды сатып алғанда мынадай факторларға назар аудару керек:
• Сынып қалуы мүмкін, жиектері өткір ұсақ бөлшектердің болуы.
• Иісі өткір, химиялық хош иісті болуы  зиянды заттардың болуын көрсетуі мүмкін.
• Химиялық құрамы – пластмассадан жасалған ойыншықтарда фталат, формальдегид және ауыр металлдар (қорғасын, сынап, кадмий және т.б.) сияқты қауіпті заттар болуы мүмкін.

Пластмасса туралы нені білу керек?
Пластмасса – бұл полимерлер тобы, олардың негізі синтетикалық немесе табиғи қосылыстар (поливинилхлорид (ПВХ), полистирол, полиэтилен, полипропилен және т.б.) болып табылады. Егер өндірісте сапасы төмен шикізат пайдаланылса немесе технологиясы бұзылса, материал ыдырауға және улы заттарды бөлуге бейім болады.
Әсіресе құрамында ПВХ бар ойыншықтар қауіпті, өйткені олардың құрамында фталат болуы мүмкін. Бұл зат пластиктен, әсіресе қызған кезде бөлінеді. Ол баланың ағзасына енуі мүмкін, бұл әсіресе сумен жанасқан кезде (мысалы, емізікті қайнату кезінде немесе шығармашылық үшін материалдарды қыздырған кезде) қауіпті.
Сондай-ақ пластмассаның құрамында фенол мен стирол болуы мүмкін:
• Фенол уытты, тері мен шырышты қабаттар арқылы оңай сіңеді, бас ауруын, әлсіздікті, терінің тітіркенуін және жүйке жүйесінің бұзылуын тудырады.
• Полистиролдан бөлінетін стирол ағзада жиналып, улануды тудырады.

Қауіпсіз ойыншықтарды қалай таңдауға болады?

Пластмассадан жасалған ойыншықтарды сатып алғанда мынадай ұсынымдарды орындау керек:
Сәйкестік сертификатының бар-жоғын тексеріңіз.
• «ПВХ» деп таңбаланған, сондай-ақ фталат пен фенол бар ойыншықтардан аулақ болыңыз.
• Иісі өткір бұйымдардан сақ болу.
• Қатты пластикалық ойыншықтарды таңдауға тырысыңыз – өте жұмсақ және икемді пластикте фталат болуы мүмкін.
• Ашық түстерге мұқият болыңыз – кейбір бояғыштарда ауыр металлдар болады.
• Жарамдылық мерзімін нақтылаңыз – уақыт өте келе пластик ыдырап, уытты заттарды шығарады.

Зерттеулер және статистика
ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының полимерлер мен химиялық заттардың токсикологиясы зертханасы токсикологиялық көрсеткіштерін анықтау үшін ойыншықтарға зерттеулер жүргізеді.
2024 жылы біз 1 042 үлгіні зерттедік, оның 734-ін (70,4%) сатуға тыйым салынды, 308-і (29,6%) тексеруден сәтті өтіп, қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келді.

Негізгі бұзушылықтар:
• Таңбалаудағы қателіктер.
• Органолептикалық көрсеткіштерге сәйкессіздік.
• Электр кернеуінің нормадан асып кетуі.
• Жоғары уыттылық индексі.
Осы зерттеулердің арқасында ықтимал қауіпті ойыншықтарды анықтауға және жоюға болады, ата-аналарға жоғары сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін өнімдерді таңдауға мүмкіндік береді.
Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы «Бір терезе» консультанттарына хабарласыңыз:
📞 Телефоны: +7 (727) 375-94-07
📍 Мекенжайы: Алматы қ., Әуезов к-сі, 84.