ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ағымдағы жылдың 14 ақпанында облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерімен, сондай – ақ облыстар мен медициналық ұйымдардың штаттан тыс эпидемиологтарымен Қазақстан Республикасында микробқа қарсы тұрақтылықты эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі – МҚТ) және инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау (бұдан әрі-ИПИБ) мәселелерін талқылады.
МҚТ талқылау шеңберінде МҚТ күзеттік эпидемиологиялық қадағалауға қатысатын бактериологиялық зертханалардың қызметін бағалау нәтижелері, сапаны сырттай бағалау, күзеттік эпидемиологиялық қадағалау және персоналды оқыту мәселелері қаралды.
Сондай-ақ ДДҰ-ның ИПИБ құралы бойынша Медициналық ұйымдарды бағалау нәтижелері, медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияларды қадағалау, сондай-ақ медициналық ұйымдардың басшылары мен госпитальдық эпидемиологтар арасында ИПИБ саласындағы көшбасшылық мәселелері қозғалды.
Талқылау қорытындысы бойынша материалдық-техникалық базаны нығайтуға, ИПИБ бойынша озық тәжірибе мектептерін енгізуге, стационарларда антибиотиктерді тұтынуды сырттай бағалауды жүргізуге, медицина қызметкерлерін оқытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру туралы шешім қабылданды.