2025 жылы 5 ақпанда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау шараларының тиімділігін арттыруға арналған онлайн-вебинар ұйымдастырып, Практиктер (госпитальдық эпидемиологтар) қауымдастығының кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында өзін-өзі бағалауға, жағдаяттық талдауға арналған практикалық құралдар, талдау нәтижелерінің негізіндегі іс-қимыл жоспарының шаблоны, сондай-ақ әрбір медициналық ұйымның ерекшеліктерін ескере отырып, қол гигиенасын сақтауды енгізуді және оған мониторинг жүргізуді бағалау әдістемесі ұсынылды. Өзін-өзі бағалауды қайтадан жүргізу прогрессті тіркеуге және гигиеналық тәжірибені жақсарту процесіне қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Аталған шараларды енгізу бойынша нұсқаулық медициналық мекемелерде қол гигиенасының кешенді бағдарламасын жедел енгізуге және тиімді қолдауға ықпал етеді.
Онлайн кездесу мен оқуға 300 маман қатысты.