Медициналық ұйымдар деңгейінде инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау жөніндегі іс-шараларды өзіне-өзі бағалау жүйесі

2025 жылы 29 қаңтарда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы эпидемиологтар қоғамдастығы үшін медициналық мекемелерде инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау шараларының тиімділігін арттыруға арналған онлайн-конференция өткізді.

Конференцияның тақырыбы: «Медициналық ұйымдар деңгейінде инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау жөніндегі іс-шараларды бағалау жүйесі».

Медициналық мекемелерде ИАИБ бағдарламаларын тұрақты түрде бағалау медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуда және инфекцияның таралу қаупін азайтуда маңызды рөл атқарады. Кездесу барысында госпитальдық эпидемиологтарға ДДҰ IPCAF (Infection Prevention and Control Assessment Framework) құралын пайдаланып өзіне-өзі бағалау жүргізу ұсынылды. Алынған деректер негізінде мамандар инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіруге және пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған 2025 жылға арналған іс-шараларды іске асыру жоспарын әзірлейді.