Күнделікті ішетін суымыздың сондай қауіпсіз болмауы мүмкін екенін ойладыңыз ба? Сыртынан қарағанда мөлдір және таза болады, бірақ онда денсаулыққа қауіпті көрінбейтін миллиондаған микроорганизмнің болуы мүмкін. Бактерия, вирус, қарапайымдылар – олар суға ескі құбыр, ластанған су көзі арқылы дұрыс сақталмай түседі. Нәтижесінде, пайдасынан гөрі, денсаулығымызға айтарлықтай қауіп төндіруіміз мүмкін.
Бұл мақалада біз судағы микроорганизмдердің неліктен қауіпті екенін, өзіңізді және отбасыңызды қалай қорғауға болатынын қарапайым сөздермен айтамыз, сонымен қатар суды тазарту мен сақтаудың тиімді жолдарымен бөлісетін боламыз. Таза ауыз су – бүкіл отбасы денсаулығының негізі. Алайда тіпті мөлдір судың құрамында сіздің ағзаңызға зиян келтіретін микроорганизмдер болуы мүмкін. Неліктен бұның маңызды екенін, қандай қауіптер бар екенін және олардан қалай қорғану керектігін талқылайық.
Микроорганизмдер суда қайдан пайда болады?
Су көп мөлшерде ауадан, топырақтан, қоқыстармен және суағарлармен келетін көптеген микроорганизмдердің табиғи мекендейтін ортасы болып табылады. Судың санитариялық жай-күйін бақылау кезінде орталықтандырылған сумен жабдықтау суы, бөтелкедегі су, құдықтар, ашық су айдындары (өзендер, көлдер), жүзу бассейндері, сарқынды сұйықтықтар зерттеуге жатады.
Қолданыстағы нормативтік құжаттар ауыз су сапасының көрсеткіштерін, оларды анықтау әдістерін, су сынамаларын алу және сақтау рәсімін белгілейді. Су дайындау сатыларында да, тұтынушыға су берудің барлық кезеңдерінде де ауыз су реагенттердің құрамы бойынша реттелетін көрсеткіштерге, органолептикалық, микробиологиялық, паразитологиялық, химиялық-аналитикалық және радиациялық сипаттамаларға сәйкес келуі тиіс. Сондықтан тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету кезінде суды дайындаудың басты міндеті – оның эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігіне кепілдік беру.
Таза ауыз су – бұл бүкіл отбасы денсаулығы үшін қажет нәрсе. Алайда, бір қарағанда мөлдір судың қаншалықты қауіпті болатыны туралы ойландыңыз ба? Микробтар, бактериялар және вирустар ластанған су көздерінің, ескі құбырлардың және дұрыс сақтамау себептерінен суға жиі түседі. Судан төнетін қауіп, қалай қорғану және қауіпсіздендіру туралы қарапайым тілмен айтып көрейік.
Неліктен судағы микроорганизмдер қауіпті болады?
Басты проблема суда микроорганизмдердің болуын көре алмайтынымызда. Олар төмендегілер болуы мүмкін:
• Бактериялар (мысалы, ішек таяқшасы), бұл микроорганизмдер диарея тудыруы және ішті ауыртуы мүмкін.
• Вирустар (мысалы, ротавирус), олар құсық тудырады және әлсіздікке әкеледі.
• Қарапайым организмдер (лямблиялар), бұл организмдер ішек жұмысын бұзады.
Аталған барлық «тығылған» микроорганизмдер суға ластанған су көздерінің, ескі құбырлардың және дұрыс сақтамау (мысалы, пластик бөтелкедегі су күннің көзінде көп тұруы) себептерінен түседі. Мұндай су асқазанның бұзылуынан бастап А гепатиті немесе тырысқақ сияқты қауіпті инфекциялар тудыруы мүмкін.
Қалай қорғануға болады?
Судың қауіпсіз болуы үшін келесі қарапайым кеңестерге назар аударыңыз:
• Суды қайнатып ішіңіз. Бұл микроорганизмдерден құтылуға арналған ең қолжетімді әдіс. Дегенмен, қайнату ауыр металдар сияқты зиянды қоспалардан тазартпайтыны есіңізде болсын.
• Сүзгілерді қолданыңыз. Үйде суды тазарту үшін көмір сүзгілерін немесе кері осмос жүйелерін қолдануға болады. Олар микроорганизмдерден, сондай-ақ хлор мен басқа да қоспалардан тазартады.
• Суды сенімді өндірушілерден сатып алыңыз. Егер бөтелкедегі суды сатып алатын болсаңыз, жақсы пікірлер айтылатын кең тараған брендтерді таңдаңыз.
• Суға арналған ыдыстарды таза ұстаңыз. Суға арналған бактарды, құмыраларды және канистраларды аптасына бір рет сабынмен жуып тұру керек.
• Құдықтар мен ұңғымаларды үнемі тексеріп тұрыңыз. Егер сізде жеке су көзі болса, суды жылына кемінде бір рет зертханаға талдау жүргізу үшін өткізіңіз.
Таза су – бұл бүкіл отбасы денсаулығының кепілі. Суыңызды тексеріп тұрыңыз, оны тазартыңыз және қарапайым сақтау ережелері туралы ұмытпаңыз. Тіпті мөлдір судың тазалығына мән беріңіз, өйткені микроорганизмдер барлық жерде болуы мүмкін.
Күнделікті қорғануға арналған лайфхактар:
• Суға лимонның бірнеше тамшысын қосыңыз – лимон қышқылы бактериялардың жартысынан тазартады.
• Табиғатқа шыққан кезде суды зарарсыздандыруға арналған арнайы таблеткаларды қолданыңыз.
• Суды мұздатып қойыңыз – бұл микробтарды азайтады.
• Суды пластик ыдыста ақтамаңыз, күн көзіне көп ұстамаңыз – бұл бактерияларлың көбеюіне жол береді.
• Бөтелкедегі суды ішер алдында бөтелкелердің және олардың қақпақтарының таза болуын қадағалаңыз.
Қазіргі кезде Алматы қаласындағы ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК «СЭСжМҒПО» филиалының бактериялық, паразиттік инфекцияларды және микробқа қарсы резистенттілікті бақылау референс-зертханасы өндірістік бақылау шеңберінде суды келесі көрсеткіштерге бактериологиялық зерттеуді жүргізеді:
1. Бактериялардың жалпы микробтық саны (ЖМС)
Денсаулыққа зиян келтіруге қабілетті бактерияларды анықтайды. Бұл көрсеткіш айтарлықтай ақпарат бере алады, өйткені ЖMC-ның жоғары болуы (мысалы, нәжістегі) органикалық қосылыстармен және азоттың әртүрлі түрлерімен ластану индикаторы болып табылады. Екінші жағынан ЖMC қауіпті бактериялардан (мысалы, Escherіchіa colі ішек таяқшасының жоғары патогенді штаммы), сонымен қатар зияны болмашы және барлық жерде таралған пішен таяқшаларынан (Bacillus subtillis) тұрады.
2. Жалпы колиформды бактериялар (ЖКБ)
ЖКБ тобы Enterobacteriacea тұқымдасының бактерияларынан (Citrobacter, Enterobacter, Klebsiella) тұрады. Бұл топтың көптеген өкілдері асқазанның қалыпты микрофлорасына жатады, сондықтан ЖКБ-ның жоғары болуы адам әрекетімен байланысты ықтимал фекальды ластануды көрсетуі мүмкін. Дегенмен, бұл топта денсаулыққа қауіп төндірмейтін еркін тіршілік ететін микроорганизмдер де болуы мүмкін.
3. Термотолерантты колиформбы бактериялар (ТКБ)
ТКБ – бұл нәжіспен ластанудың анық индикаторы. Бұл көрсеткіш жаңадан нәжіспен ластану туралы білдіреді. Бұл топта көптеген жағдайларда Escherіchіa colі ішек таяқшасы анықталады.
Есіңізде болсын!
Қауіпсіз ауыз су – бұл сіздің жне отбасыңыздың денсаулығы. Таза көрінгенмен, суда қауіп болуы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды микробтардан және аурулардан қорғау үшін берілген қарапйым кеңестерді пайланыңыз.
Денсаулықты таңдаңыз!