Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының базасында ZOOM платформасы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы онлайн-дәріс өткізілді.
Тақырыбы: “Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің кейбір нормаларын түсіндіру”.
Дәрістің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша заңнамалық нормаларды түсіндіру және ұжымдағы бұзушылықтардың алдын алу үшін тәртіпті күшейту болды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін мынадай шаралар ұсынылды: жұмыс процестеріндегі ашықтық деңгейін арттыру, бұзушылықтар туралы хабарлау үшін сенімді атмосфера құру және әрбір қызметкердің этикалық нормаларды жеке сақтауы.
Дәріске Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы мен Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының қызметкерлері қатысты.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы адалдық пен жауапкершіліктің жоғары стандартын сақтай отырып, ашық және этикалық ортаны құру үшін белсенді жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, сыбайлас жемқорлық, алаяқтық немесе этиканы бұзу фактілері анықталған жағдайда 1414 нөміріне хабарласа аласыз.