Адамдардың игілігі үшін

Биологиялық ырғақтарды табиғи циклмен синхрондау көңіл-күйге әсер етуде маңызды рөл атқарады.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Назарова адам организміндегі биологиялық ырғақтар маңызды физиологиялық процестерді, оның ішінде гормондардың деңгейін, зат алмасуды, ұйқтау мен сергек болу ырғақтарын да реттейтінін айтады.

– Ресми уақыт күн сәулесіне жақын болған кезде, ол адамдардың көңіл-күйін, физикалық жағдайын және жалпы хал-жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Атап айтқанда, зерттеулер уақыт пен табиғи цикл сәйкес келмеген кезде болатын циркадиялық ырғақтардың бұзылуы ұйқысыздық, депрессия, жүрек ауруы және тіпті семіздік сияқты әртүрлі ауруларға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Қазақстанда бірыңғай уақытқа (UTC+5) көшу ресми уақытты табиғи биологиялық сағатқа сәйкес келтіруге мүмкіндік береді, бұл ұйқының бұзылу қаупін азайтады, дене белсенділігін жақсартады және жалпы жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Бұл, әсіресе, күнделікті қозғалысы күн мен түннің табиғи цикліне сәйкес келуі керек балалар, оқушылар және жұмысшылар үшін өте маңызды. Ұзақ мерзімді перспективада мұндай өзгерістер азаматтардың жалпы хал-жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ олардың еңбекке қабілеттілігін арттыруға ықпал етуі мүмкін, – дейді сарапшы.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының деректері бойынша, бүгінгі таңда дүние жүзіндегі 195 елдің 117-сі географиялық уақытты стандартты уақыт белдеуіне барынша жақындатуды таңдады, өйткені адамның циркадиялық ырғағы күндізгі табиғи циклмен синхрондалған.

Естеріңізге сала кетейік, UTC+5-ке ауысқаннан кейін қазақстандықтар бұрынғы уақыт белдеуін қайтару жөнінде петиция бастаған болатын. Содан кейін Сауда және интеграция министрлігі жанынан петицияда баяндалған мәселелерді қарайтын жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, петиция авторы және оның өкілдері кірді.

– Петицияны қарау нәтижелері бойынша шешімге сәйкес Қазақстанның Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне алдағы үш жылда толық күнтізбелік жыл ішінде тұрақты уақыт белдеуін қолдануды ескере отырып, UTC+5 уақыт белдеуінің Қазақстан Республикасы халқының денсаулық жағдайына әсер етуін зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу ұсынылды. ДСМ және ҒЖБМ қолданбалы зерттеу жүргізеді. Зерттеу жүргізу құнына келетін болсақ, қорытынды бағалауды ҒЖБМ жанындағы Ұлттық ғылыми кеңес береді. Бұл ретте бұған дейін 2004 жылы жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жазғы және қысқы уақытқа ауыстыру кезінде халықтың денсаулығына әсер етпейтіні дәлелденгенін атап өтеміз,- деп түсіндірді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында, барлық әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және қоғамдық факторларды кешенді бағалауды ескере отырып, уақыт белдеуін өзгерту туралы шешім қабылдау ҚР ДСМ құзыретіне кірмейтіні атап өтілді.

Дереккөз: https://kazpravda.kz/n/na-blago-lyudey-a8/