Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының базасында Басқарма Төрағасы Айжан Есмағамбетова мен “Олимп” КДЛ бас директоры Ерлан Сүлейменовтың антимикробқа қарсы резистенттілікті (АМР) эпидемиологиялық қадағалау және зертханалық қызметтің әлеуетін нығайту шеңберіндегі ынтымақтастық мәселесі бойынша кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар АМР-ға микробиологиялық мониторинг жүргізу жөніндегі ағымдағы жағдайды, мониторингті, деректер алмасуды және АМР-ға жаһандық қадағалау және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басқа да бастамалары шеңберінде “Олимп” КДЛ халықаралық бағдарламаларына қатысуды қоса алғанда, бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады. Кездесу соңында тараптар Қоғамдық денсаулық сақтаудың алдын алу бағдарламаларында жеке сектордың ынтымақтастығы мен әріптестігі туралы меморандумды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.