Бұл жіті вирустық табиғи – ошақтық ауру, көбінесе бүйректі зақымдайды.
Инфекция көзі – тышқан тәріздес кеміргіштер.
Эпидемиялық маңызы – инфекция белсенді көктем – күз айларында болады, әсіресе табиғи аясында демалысқа шыққан, саяжайларға баратын адамдар үшін, сандай – ақ қала сыртындағы жазғы сауықтыру мекемелердегі балалар үшін қауіп үлкен.
Бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасын жұқтыру жолдары – инфекцияы таратушылармен қарым – қатынаста болмай – ақ, адам ауру кеміргіштерді ұстаған кезде немесе кеміргіштердің бөлінділерімен ластанған ауыл шаруашылық өнімдері, тағам және су арқылы ауру жұғады.
Алдын алу шаралары:
• тышқандарды және олардың бөлінділерін ұстаудан аулақ болу;
• кеміргіштердің тіршілік етуін және олармен жанасуды болдырмау үшін саяжай, үй маңындағы жерлерде абаттандыру (қурай, бұталардан, құрылыс және тұрмыстық қоқыстардан тазарту);
• кеміргіштердің тамақ өнімдерді сақталатын үй – жайларға кіруін болдырмайтын шараларды қолдану;
• кеміргіштермен күресу: үй – жайларда жою іс – шараларын (дератизация) жүргізу;
• суға шомылу кезде ағынды суы бар суды таңдау, суды жұтпау;
• орманда серуендеген кезде алдын алу шараларын сақтау (орман алаңқайларын немесе ашық жерлерді таңдау, шөп маяларының немесе сабанның үстіне отырмау, азық – түлікті және суды жабық ыдыстарда сақтау);
• піспеген көкөністен жасалған салаттарды дайындау технологиясын және өткізу мерзімдерін сақтау;
• белгісіз су көздерінен алынған суды ішуге, тамақ дайындауға, ыдыстарды жууға және жуынуға қолданбау;
• ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ғана пайдалану;
• жеке профилактика шараларын сақтау.