Микробқа қарсы төзімділік – денсаулыққа төнетін жаһандық қауіп

Жыл сайын медицина қызметкерлерін алаңдатып отырған денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі – халықтың антибиотиктерді бақылаусыз қабылдауы, өз бетінше емделу. Бұл фактор, сондай-ақ ауыл шаруашылығында антибиотиктерді бақылаусыз қолдану микробқа қарсы төзімділіктің туындауына ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктелімі бойынша микробқа қарсы препараттарға төзімділік жер шарындағы халықтың денсаулығына төнетін жаһандық 10 қауіптің қатарына кіреді. ДДҰ мәліметтері бойынша, 2029 жылға қарай белгілі бактериялардың 70% -ы бір немесе бірнеше антибиотикке төзімді болады, бұл 1,27 миллион адамның қайтыс болуына алып келеді.

Астанада ДДҰ, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы, университеттердің және т.б. өкілдерінің қатысуымен өткен “Микробқа қарсы препараттарға төзімділік: Біліміңізді арттырыңыз. Насихаттаңыз. Қазір әрекет етіңіз” атты дөңгелек үстел осы мәселеге арналған.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы Ақниет Жарылқасынова елімізде микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі Жол картасын енгізу туралы айтты.
Спикер Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы микробқа қарсы төзімділікті эпидқадағалау шеңберінде іс-шараларды іске асыру және мониторингілеу жөніндегі үйлестіруші орталық болып белгіленгенін атап өтті. Тиісті іс-шараларды іске асыру бойынша ведомствоаралық үйлестіру тобын құру да маңызды қадам болып табылады.
Микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі Жол картасы микробқа қарсы төзімділікті қадағалаудың ұлттық жүйесін жетілдіруді, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы ұйымдарының барлық деңгейде микроорганизмдердің төзімділігіне микробиологиялық мониторинг жүйесін жетілдіруін, инфекциялық бақылау жүйесін нығайту және алдын алу шараларын жетілдіру арқылы жұқпалы ауруларды азайтуды, адам мен жануарлар денсаулығы саласында микробқа қарсы дәрі-дәрмектерді пайдалануды оңтайландыруды, кәсіптік білім беруді жетілдіруді, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын дамытуды, сондай-ақ қоздырғыштардың микробқа қарсы препараттарға төзімділігін тежеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды қамтиды.
Ақниет Ерғазықызы қазірдің өзінде қолға алынған шаралардың ішінде микробиологиялық мониторинг шеңберінде 12 өңірдегі 22 зертханада шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды енгізуді, микробқа қарсы препараттарды тұтынуға мониторинг жүргізуді, антибиотиктерді тұтыну бойынша 2015-2023 жж. арналған есепті дайындауды және ДДҰ Еуропалық бюросы валидациялауды, 6 өңірдегі пилоттық медициналық ұйымдарда антибиотиктерді тұтынуға бағалау жүргізуді атап өтті.
Осыған байланысты біздің елімізде қалыптасқан күрделі жағдайды айтып, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Дәрі-дәрмек саясатын жетілдіру департаментінің директоры Ләззат Есбатырова “Микробқа қарсы препараттарға төзімділік жөніндегі бағдарламаларды бейімдеу” Ұлттық зерттеуінің нәтижелерін көрсетті.
Спикер ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының қолдауымен Астанада антибиотиктерді рецептсіз сату бойынша пилоттық зерттеу жүргізілгенін атап өтті. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты Астанада антибиотиктерді рецептсіз сатуға қатысты фармацевттердің мінез-құлқына әсер ететін кедергілер мен факторларды айқындау болды.
Зерттеуге қатысқан 8 фармацевт қызметкер, оның ішінде 6 фармацевт және 2 дәріхана меңгерушісі өз жұмысын орындау үшін білімдерін жеткіліксіз деп есептейтінін, олар рецепт бойынша берілетін препараттар, оның ішінде антибиотиктер бойынша қосымша білім алғысы келетіндерін айтты.
Дәріхананы немесе бөлімді басқаратын барлық 8 фармацевт менеджер өз жұмысын орындау үшін білімдерінің жеткілікті екенін, бірақ қосымша ақпарат алғысы келетінін айтты.
Өз кезегінде отандық және шетелдік дәрілік заттарды өндірушілердің өкілдері осыған дейін антибиотиктерді өткізу дәрігерлер мен дәріханалар арқылы қатаң нұсқаулықтардың аясында жүзеге асырылғанын, ал қазіргі кезде онлайн конференциялар мен медициналық платформалар белсенді түрде қолданылатыны туралы айтты. Олар антибиотиктерді пайдалану мәселесіне қатысты антибиотиктерді орынсыз пайдалану резистенттілікке әкелетінін және бұған негізгі себеп бақылаусыз пайдалану, баксебінділердің болмауы және емдеуді өз бетінше тоқтату екенін атап өтті. Олардың пікірінше, бұл жерде дәрігерлердің, фармацевттердің және инспекциялық органдардың жауапкершілігі маңызды, сонымен қатар антибиотиктерді рецепт бойынша сатуды қатаң бақылау қажет.
Екі фармацевттік қауымдастықтың өкілдері антибиотиктерді шамадан тыс тұтыну, оның ішінде ауыл шаруашылығында көп пайдалану және оларды бақылаусыз сату, сондай-ақ пациенттердің көпшілігінің дәрігерлерге емес, дәріханаларға баруы төзімділік проблемаларына себеп болып отырғандығын айтты. Олар бонустық жүйеге байланысты фармацевттердің антибиотиктердің көптеп сатылуын көздейтінін айтты. Ұсыным ретінде АҚШ-тағы сияқты рецептпен сатуды автоматтандыру үшін дәріханалардың ақпараттық жүйелерін дәрігерлермен бірге интеграциялау дұрыс болатынын, сондай-ақ антибиотиктерді сатуға сыртқы аудит жүргізу өзектілігін атап өтті.
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің қаласы бойынша департаментінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінің жауапты адамдары да мәселеге қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Антибиотиктерді бақылаусыз пайдалану, дұрыс тағайындамау, емдеу курсын қысқарту микробқа қарсы төзімділікке себеп болып отыр деді. Мәселені шешу ретінде кешенді тәсіл, халықты ақпараттандыру және мамандарды оқыту, ғылыми зерттеулерге қолдау көрсету ұсынылды. Бақылау жүйесіндегі проблемаларды атады. Олардың ішінде – әкімшілік шектеулер (фактісіз тексермеу, фото/бейнетіркелім қолжетімсіз), сатылымды арттыру үшін фармацевтерге басшылық тарапынан қысым жасау, рецептсіз антибиотиктерге сұраныстың артуы және басқ. Проблеманы шешу үшін оқыту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы халықтың және мамандардың хабардарлығын арттыру, антибиотиктерді бақылаусыз қолдануды азайту үшін білім беру және бейінді ұйымдармен ынтымақтастық орнату, микробқа қарсы төзімділікке қатысты проблема мен заңнамалық нормалар туралы ақпараттандыру ұсынылды.
Зерттеу барысында сауалнамаға қатысқан адамдардың 31%-ы суық тиіп ауырғанда симптоматикалық емдеуді бастайтынын, 25%-ы ауру басталған кезде туыстарымен, достарымен, көршілерімен кеңесетіні немесе интернеттен және жарнамадан ақпарат алатыны белгілі болды.
50 жастан асқан адамдардың фокус-тобымен денсаулық жағдайын талқылаған кезде олар мынадай пікір/ұсыныстар берді: дәріханаларда антибиотиктер дәрігердің рецептінсіз сатылмауы керек, адамдар дәрігердің ұсынымдарын орындап, өз денсаулығына мұқият болуы қажет, антибиотик туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге (TikTok) тарату керек, халық арасында, оның ішінде балалар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Нұрғали АБИЛЬДАЕВ, Астана

Дереккөз: https://liter.kz/antimikrobnaia-rezistentnost-globalnaia-ugroza-zdoroviu-1732351273/