18-24 қараша – дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселесі туралы хабардарлықты арттыру апталығы
2024 жылы 18 қарашада ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы БАҚ өкілдерін Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселесі туралы хабардарлықты арттыру апталығына орай дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.
Дөңгелек үстелге ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, ҚР АШМ ВБҚК Республикалық ветеринариялық зертханасы, Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы, Қазақстандық тәуелсіз дәріханалар қауымдастығы, Астана медицина университеті, ҚР ДСМ СЭБК Ұлттық сараптама орталығы, Олимп КДЗ және басқалар қатысады.
ДДҰ мәліметтері бойынша, белгілі бактериялардың 70% – ы бір немесе бірнеше антибиотиктерге төзімділікке ие болды және 1,27 миллион адамның өліміне себеп болды.
ДДҰ мәліметтері бойынша, 2019 жылы белгілі бактериялардың 70% – ы бір немесе бірнеше антибиотикке төзімділік көрсетті және 1,27 миллион адамның өліміне себепші болды. Егер де шұғыл шара қолданбаса, 2050 жылға қарай жер шарында үш секунд сайын антибиотикке төзімді бактериялар тудыратын аурудан адамдар қайтыс болады.
Дөңгелек үстел барысында микробқа қарсы төзімділік бойынша өзекті мәселелер, проблемалар мен оларды шешу жолдары, антибиотиктерді дұрыс қолдану туралы халықтың хабардарлығын арттырудың маңызы, сондай-ақ 2025 жылға арналған Жол картасын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шараларды жоспарлау талқыланады.
Өткізілетін күні: 18 қараша 2024ж.
Уақыты: сағ. 09:00 – 13:00
Өткізілетін орны: Астана қ., Нұрсәулет 2, Иманов көш. 13, конференц зал, 2-ші қабатта.