Қазақстанда тұз тұтынуды азайту мәселесі бойынша тақырыптық семинарлар басталды. Семинарлар 2024 жылы 1-18 қараша аралығында Алматы, Өскемен, Орал және Астана қалаларында гибридті форматта өтеді.
Семинар өткізу мақсаты: тұзды шамадан артық тұтынумен байланысты проблемалар мен қауіп-қатерлер туралы ақпараттандыру бойынша алғашқы аудитория ретінде тамақ өнеркәсібі қызметкерлері мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комиетінің аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі – СЭБК АД) тамақ өнімдеріндегі тұз мөлшерін азайту жөніндегі өкілдері арасында білім беру және ағарту жұмыстарын жүргізу. Семинарда натрийдің физиологиялық әсері туралы айтылып, натрийді артық тұтынудың жұқпалы емес аурулардың дамуына әсері туралы ғылыми зерттеулерге шолу, үздік халықаралық тәжірибеге шолу жасалады, ДДҰ ұсынымдарымен таныстырылады. Сондай-ақ семинар спикерлері Қазақстанда тұзды тұтыну бойынша ахуалды айтып, нормативтік құқықтық базамен таныстырды және ҚР-да тұз тұтынуды азайту бойынша ұсынылатын саясат шараларын ұсынды.
Семинарға Алматы облысының, Шығыс-, Батыс-Қазақстан облысының тамақ өнеркәсібі және т.б. КСЭК өкілдері қатысады.
Ұйымдастырушылар: СЭБК АД бірлесіп, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Кодекс Алиментариус командасы және Қазақстандағы ДДҰ елдік офисі.
1-7 қараша аралығында семинарға 160 қатысушы қатысты. Семинар барысында сектораралық жұмыстың маңыздылығы, проблемалық мәселелердегі негізгі кедергілер мен мүмкіндіктер, оларды шешудің жолдары талқыланды.
Қазақстан тағамтану академиясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік офисімен бірлесіп жүргізген зерттеу деректері бойынша, Қазақстанда ерлердің 100%-ы және әйелдердің 97%-ы тәулігіне 17 грамм тұз тұтынады, бұл ДДҰ ұсынған күніне 5 грамм нормадан 3,4 есе артық. Тұзды шамадан артық тұтыну қан қысымының жоғарылауына және жүрек-қан тамыры аурулары мен инсульт қаупінің артуына әкелетіндігі белгілі, соның салдарынан жыл сайын әлемде 3 миллион адам қайтыс болады, – деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалының тамақтану қауіпсіздігі мониторингі секторының санитарлық дәрігері Қарлығаш Абдижаббарова.
Мына сайттан ресми ақпаратпен толық танысуға болады: https://hls.kz/wp-content/uploads/2023/07/%D0%9C%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%B4%D0%B8%D1%87%D0%BA%D0%B0-%D0%BF%D0%BE-%D1%81%D0%BE%D0%BB%D1%8C-2022-%D1%80%D1%83%D1%81.%D1%8F%D0%B7.pdf