Темекі шегумен күресу әдістері және құралдары

Темекі шегу өлімнің әлемдегі алдын алуға болатын басты себептерінің бірі болып табылады. Жыл сайын 8 миллионға жуық адам темекі шегудің салдарынан қайтыс болады және бұл сан азаймауда. Темекі шегумен тиімді күресу үшін барлық деңгейдегі шаралар: темекіге қарсы заңнама, темекіге салынатын салықты ұлғайту, темекі жарнамасына тыйым салу және темекі түтінінен таза қоғамдық орындарды белгілеу қажет.

Темекі шегудің алдын алуда әсіресе жастар арасында алдын алуда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының да маңызы зор. Темекінің зияны туралы хабардарлықты арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет арқылы дәрістер, тренингтер, науқандар өткізген маңызды. Темекі шегіп жүргендер үшін медициналық және психологиялық көмектің қол жетімді болуы қажет. Дәрігерлердің кеңестері мен никотинді алмастыратын терапия темекіге тәуелділікті жеңуге көмектеседі. Медицина қызметкерлерінің қабылдауында болғанда олар темекі шегуден бас тарту туралы қысқаша кеңес берулері керек.

Соңғы жылдары темекі шегушілерге прогресті бақылауға және қолдау алуға көмектесетін мобильді қосымшалар сияқты сандық шешімдер пайда болды. Отбасы мен достарының әлеуметтік қолдауы да маңызды фактор болып табылады.

Қазақстанда шылым шегумен күрес кешенді тәсілмен жүзеге асырылуда, оның ішінде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының білім беру бағдарламаларын әзірлейтін және темекіге қарсы орталықтарды құруда қолдау көрсететін жұмысын айту кетуге болады. 2009 жылдан бастап елімізде темекіге қарсы кабинеттер жұмыс істеуде, ол кабинеттерде темекі шегушілер анонимді және білікті көмек ала алады. Күш-жігерімізді біріктіру темекі шегушілердің санын айтарлықтай азайтуға және халық денсаулығын жақсартуға көмектеседі.

Темекіні тастауға көмектесетін әртүрлі сандық ресурстар, мысалы ДДСҰ әзірлеген «Сара» виртуалды кеңесшісі бар. Бұл денсаулыққа қатысты мәселелер бойынша сандық кеңесші. «Сара» сіздің сұрақтарыңызға сегіз тілде бейне немесе мәтіндік форматта тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жауап беруге дайын.

«Сара» сізге күйзелісті басқару, дұрыс тамақтану және кәдімгі немесе электронды темекіні тастау бойынша пайдалы кеңестер бере алады. ДДСҰ мен оның сенімді серіктестері ұсынған ақпарат арқылы жасалған сандық кеңесші генеративті жасанды интеллект базасында жұмыс істейді.

Тек бірлескен күш-жігер ғана темекі шегуді айтарлықтай азайтуға және халық денсаулықты жақсартуға әкелуі мүмкін. Шылым шегушілердің санын азайтуға бағытталған әрбір бастама халық денсаулығы мен саламаттығын жақсартуға ықпал етеді.