Ақпараттық гигиена дағдылары денсаулықты сақтауға қалай көмектеседі?
Көптеген адамдар дүние жүзінде болып жатқан барлық нәрседен хабардар болуға тырысады, бәрін талғамай оқып, қарай береді. Мұны саналы түрде жасайды. Бірақ оны жасау мүмкін емес, бұл иллюзия! Сонымен қатар, әртүрлі, көбінесе шындыққа сәйкес келмейтін контентті шамадан тыс пайдалану біздің өмірімізге қатты әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді. Әлемдік кеңістіктегі бұл үрдіс артуда. Не істеу керек? Талдау жасауға тырысайық.
Шындықпен байланысты сақтау
Интернет арқылы әлемде болып жатқан барлық нәрседен хабардар болуға, көп нәрсені білуге талпыну, әсіресе егер адам түрлі контенттің мұндай көлеміне дайын болмаса, көп пайда әкелмейді. Бұл жерде интернеттегі және әлеуметтік желілердегі ақпарат әлдеқайда қауіпті екенін түсіну өте маңызды. Ақпаратты барынша жүктеп, уақыттың көбін сонда өткізу арқылы нақты әлеммен байланысты оңай үзуге болады. Дабыл қағу тұрақты серігіңізге айналады.
Кішігірім ақпаратты елемей, шын мәнінде маңызды ақпаратқа назар аударуды үйрену керек. Бұған қол жеткізуге көмектесетін ең басты нәрсе – сыни ойлауды дамыту. Тек осылай ғана сіз манипуляцияны тоқтата аласыз, өзіңізді көпшілік пікірінен қорғай аласыз. Дәл осы себептен біз оқығанымызға, көргенімізге, тыңдағанымызға мұқият болуымыз керек. Кез келген ақпараттың дұрыстығын тексеріп, алынған деректерді мұқият талдау маңызды.
Сондықтан барлық адамдарға, әсіресе денсаулығына байланысты проблемалары бар немесе негізгі жұмысы интернетпен байланысты адамдарға ақпараттық гигиенаны сақтау өте пайдалы.
Ақпараттық гигиена дағдылары
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің маманы Анара Акимбаева “Қазақстан аргументтері мен фактілері” деген апталық басылымның өтінішімен, психикалық және физикалық денсаулықты сақтау үшін ақпаратты дұрыс пайдалануды, оны сүзгіден өткізуді қалай үйренуге болатынын айтты:
– Қазіргі уақытта артық ақпарат көп. Оның дұрыс екендігін таңдай білу керек. Осы себепті, бүгінгі күні бәріміз үшін ақпараттық гигиена дағдыларын, олар қорғауға бағытталған қауіп-қатерлерге сүйене отырып, қалыптастыру өте пайдалы. Нақтырақ айтқанда, бұл – ең алдымен ақпаратты тексеру, жеке деректерді қорғау және кіру дағдылары мен оларды пайдалана білу. Қоғамдық кеңістікте жауапты бола білуді үйрену де жақсы.
Мұның бәрін қалай қалыптастыру керектігін таңдағанда, сыни ойлауды дамытатын әдістерге, арнайы техникалық құралдармен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын беретін ақпаратты талдау қабілетіне назар аударған дұрыс.
Атап айтқанда, жалған жаңалықтарды әшкерелеу үшін бұрмаланған немесе жалған ақпарат көзін, бастапқы фото-, аудио- және видеоконтент деректерін табу үшін әдеттегі танымал іздеу жүйелерін пайдалануға болады. Әртүрлі дерекқордан алынған бірдей оқиғалар туралы ақпаратты салыстыру пайдалы. Бұл үшін бүгінде фейктерді әшкерелейтін арнайы интернет-қауымдастықтар бар. Мысалы, “Телеграм” – “Фейктермен соғыс” арнасы немесе “Лапша медиа” сайты, онда тіпті жалған ақпарат берілуі мүмкін анонимді кері байланыс нысаны болады, оның дұрыстығын мамандар тексереді.
Барлығы өз орнымен болған жақсы
Ақпараттық гигиенаны сақтау үшін интернетте, әсіресе әлеуметтік желілерде өткізетін уақытты шектеуге кеңес бергім келеді. Бұл ақпараттың шамадан тыс жүктелуін болдырмауға және эмоционалды тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Ол үшін интернетке, сайттарға немесе қолданбаларға кіруге кететін уақытты белгілеп көріңіз.
Кіріс ақпаратын бақылауды үйрену де пайдалы. Кейде әртүрлі хабарландыруларды, хабарламаларды, қажетсіз жөнелтілімдерді, ашылмаған электрондық пошталарды елемеу жеткілікті. Осы немесе өзге де ақпаратқа алғашқы реакцияңызды бақылаңыз. Бірден әрекет етуге асықпаңыз, ойланып-толғанып, қорытынды жасауға уақыт бөліңіз.
Алған ақпаратты жібермес бұрын, оның бастапқы дереккөзін тауып, бірнеше заңды және ресми деректерден алынған мәліметтерді қайта тексерген дұрыс.
Сондай-ақ, жеке деректеріңізді кімге беретініңізге және оларды болашақта қалай пайдалануға болатынына назар аударыңыз, заманауи ақпараттық технологияларды қолданудың салдары туралы хабардар болуға тырысыңыз. Ықтимал қауіптер мен қауіпсіздік мәселелерін ескеріңіз, қырағылық танытыңыз. Күдікті қоңырауларға жауап бермеңіз, оғаш хаттар мен файлдарды ашпаңыз, киберқылмыскерлердің құрбаны болмас үшін тексерілмеген сілтемелерді ашпаңыз.
Көп кітап, аз жаңалық
Көптеген адамдар бірнеше сағат бойы желіде отырады, мақала, пост, рилс және т.б. түрінде көптеген қажетсіз ақпаратты жинақтайды. Бұл көп ақпарат психологиялық денсаулыққа әсер етпейді. Көбінесе жаңалықтар жалған (фейк) болады да, күйзеліс тудырып, думскроллингке (ағылш. doom – “ақырзаман”, “өлім” және scroll – “айналдыру”, “парақтау”) душар етеді, бұл жағымсыз жаңалықтарды бойға сіңіруге экран уақытын ысырап ету құбылысы. Көп кітап, аз жаңалық, бұлар күйзеліс деңгейін төмендетеді, көбірек ойлануға мұрсат береді.
Сарапшылардың пікірлерінсіз, тексерілген ресми жаңалықтарды оқыңыз. Әртүрлі тақырыптар бойынша жеке жазбаларды емес, тақырыптық таңдауларды пайдаланыңыз. Ақпаратта құрылымның болмауы шаршатып, күйзелісті арттырады.
Жаңалықтарды аптасына бір рет оқыңыз немесе күніне 10-15 минуттан артық оқымаңыз. Әлеуметтік желілерді күніне бір-екі рет қарауға уақыт бөліңіз. Егер бұл 30 минуттан көп уақытты алса, арналар мен жазылым санын азайтыңыз. Браузерде жарнама блокаторларын және оқу тәртібін пайдаланыңыз.
Соңғы уақытта сіз үнемі қарап жүрген, бірақ оқымайтын барлық ақпараттық арналарға, топтарға, жөнелтілімдерге, әлеуметтік желілердегі қауымдастықтарға жазылудан бас тартыңыз немесе архивке жіберіңіз.
Интернеттегі балалар – «3-6-9-12» қағидасы
Балалар психикасының жетілмегендігі туралы ақпарат ерекше алаңдаушылық тудырады. Балалардың денсаулығы мен психикасын қорғау үшін “3-6-9-12” қағидасын ұсынамыз. Қазіргі заманғы технологиясыз адамдар ештеңе жасай алмайтынын бәрі біледі, бірақ ақылды ата-аналар гаджет өсіп келе жатқан ағзаға зиян тигізбеуі үшін осы технологияларды өз балаларының шамалап, мөлшермен пайдалануын қадағалайды. Қай жаста және балаларға теледидарды қалай көруге, смартфондар мен ноутбуктерді қалай пайдалануға болатындығын бәрі біле бермейді.
2008 жылы көп жыл бойы заманауи технологиялардың балалар мен жастарға әсер етуін зерттеумен айналысқан Францияның психология ғылымдарының докторы Серж Тиссерон “3-6-9-12” қағидасын ойлап тапты.
3 жасқа дейін – ойнау, сөйлесу, теледидар көрмеу керек. Баланың дұрыс дамуы үшін бірлесіп ойнаған дұрыс. Мысалы, олар планшетте отыруы мүмкін, бірақ тек ересек адаммен бірге ғана ойнау керек. Дұрысы, балаларға кітап оқыған жақсы. Өте кішкентай балаға теледидар көруге, тіпті теледидар қосылған бөлмеде болуға рұқсат етілмейді.
3 жастан 6 жасқа дейін – экран алдында болу уақытын шектеу. Біз мектеп жасына дейінгі баланың теледидар көруге болатын уақытын анықтаймыз, оның жасына сәйкес бағдарламаларды таңдаймыз. Теледидар, планшет, компьютер жалпыға ортақ жерлерде болады, баланың бөлмесінде олар болмауы керек. Цифрлық интерактивті құрылғыларға тамақтану кезінде және ұйықтар алдында тыйым салынады. Біз оларды тыныштандыру қажет болған кезде де балаға бермейміз. Планшеттегі немесе компьютердегі ойындарды ересектермен бірге ойнаған дұрыс.
6 жастан 9 жасқа дейін – интернетті пайдалануға рұқсат береміз. Баланың экран алдында өткізетін уақытын анықтаймыз, баламен ол жерден нені көретіні туралы сөйлесеміз. Алайда біз оған бұл құрылғылардың өз бөлмесінде болуына жол бермейміз. Сондай-ақ ұстануға тиісті негізгі үш қағиданы түсіндіреміз: кез келген адам баланың интернетте жариялаған барлық нәрселерін көре алады; жарияланған нәрсе сол жерде мәңгіге қалады; интернеттен көргендердің бәріне сенуге болмайды.
9 жастан 12 жасқа дейін – баланы өз-өзін қорғауға үйретеміз. Ол ұялы телефонын алып, интернетке өз бетінше кіре алады. Біз онымен монитор алдында қанша уақыт өткізе алатындығы туралы келісіп аламыз және қолды импульсте ұстау дегендей, баламен оның қызығушылықтары туралы сөйлесеміз. Әлеуметтік желілерге тыйым салынады. Сондай-ақ оған Интернеттің негізгі үш қағидасын еске саламыз.
12 жас және одан асқандар – тек қана кеңес бере аламыз. Бала интернетке өз бетінше кіріп, қарай алады, бірақ біз оның уақытын шектейміз. Біз онымен дүниежүзілік желінің қауіптілігі, онлайн-қорқыту, жалған ақпарат және т.б. туралы талқылаймыз. Біз түнде Wi-Fi мен ұялы телефонды өшіреміз және әлеуметтік желілерде оның досы болмаймыз.
«АжФ» анықтамасы
Ақпараттық гигиена – медицина ғылымының бөлімі, бұл ғылым адамның психикалық, физикалық және әлеуметтік әл-ауқатына, оның жұмысқа қабілеттілігіне, өмір сүру ұзақтығына, әлеуметтің қоғамдық денсаулығына ақпараттың әсер ету заңдылықтарын зерттейді, қоршаған ақпараттық ортаны сауықтыру және зияткерлік қызметті оңтайландыру жөніндегі нормативтер мен іс-шараларды әзірлейді.
Әртүрлі сезімдерді (мазасыздық, қорқыныш, үмітсіздік) сезіну – қалыпты жағдай. Алайда эмоцияға абайсызда әсер ету қаупі болады. Бұл жағдайда адам ахуалды сапалы түрде талдай алмайды, дұрыс шешім қабылдау үшін барлық дәлелдерді айқындай алмайды.
Айтпақшы
Ғалымдар орта ғасырдағы адамдарға қарағанда, қазіргі кезде адамдар екі апта ішінде ақпаратты көбірек алады деген қорытындыға келді.
Соңғы жылдары адамдар көптеген деректерді алды және бұл статистика қорқыныш тудыруы мүмкін. Ондаған ғасырлар бойы біздің назарымыздан тыс қалатын көптеген нәрселер жасалды. Бізде бұған уақыт та жоқ. Ақпараттық бум адамзаттың белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді. Бірақ біздің әлемде адамға зиян келтіретін көптеген ақпарат бар, ол көбінесе манипуляция құралы ретінде қолданылады.
Татьяна КАЗАНЦЕВА
Дереккөз: https://kzaif.kz/society/zashchita-ot-informacionnogo-peregruza