Ұлттық ғылым академиясы президиумының көшпелі отырысы

Қарағандыда Ұлттық ғылым академиясы президиумының көшпелі отырысы өтті, оған Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасы А.С. Есмағамбетова қатысты. Медициналық қызметтердің қолжетімділігі, саланы қаржыландыру және отандық дәрі-дәрмектерді құру мәселелерін шешуге деген ғылыми көзқарастың маңыздылығы атап өтілді. Медицинаға жаңа технологиялар мен жасанды интеллектті енгізуге ерекше назар аударылды.

Айжан Серікбайқызы коронавирус инфекциясының пандемиясы туралы еске салып, ғылыми қоғамдастықтың болжамы бойынша адамзатқа жаңа эпидемия қаупінің төніп тұрғанын айтты. Оны қандай вирус тудыратын және салдарының қаншалықты ауыр болатынын болжау қиын. Алайда, отандық денсаулық сақтау жүйесі бұған дайын болуы керек.

Кездесу қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласының проблемаларын және оларды шешу бойынша көшпелі отырысқа қатысушылар ұсынған ұсыныстарды қамтитын арнайы “Жол картасын” әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Толығырақ сілтеме бойынша оқыңыз: https://kazpravda.kz/n/akademiki-vystupayut-za-razvitie-sobstvennogo-farmproizvodstva/