2024 жылдың 24 қыркүйегінен 25 қыркүйегіне дейін София қаласында (Болгария) Халықаралық медициналық-санитарлық ережелер (ХМСЕ) бойынша ұлттық үйлестірушілер кеңесі өткізілді. Іс-шараға Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі оперативті орталықтың бас маманы Арыстан Балмағамбетов қатысты.
Кеңес мақсаты ДДСҰ-ның Еуропалық өңіріндегі ХМСЕ-ге түзетулердің алдағы жүзеге асырылуын, сондай-ақ денсаулық сақтаудағы төтенше жағдайларға дайындық, ден қою және төзімділік бойынша жаңа аймақтық стратегия мен іс-қимыл жоспарын («2.0 дайындығын қамтамасыз ету») талқылау болды.
Кеңеске қатысуға денсаулық сақтау министрліктерінің ұлттық серіктестері, ХМСЕ жөніндегі ұлттық үйлестірушілер, Еуропалық комиссия, ДДҰ, ECDC өкілдері, ECDC ұлттық қауіптерді анықтау және ерте алдыналу және ден қою жүйесі (EWRS), сондай-ақ ECDC дайындықты және ден ққоюды қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық үйлестірушілер шақырылды.
Бұл, сондай-ақ ХМСЕ жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің, ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен ECDC өкілдері арасындағы көлденең байланысты нығайтуға, сонымен бірге өңірлік іс-қимыл жоспарын әзірлеудегі келесі қадамдар бойынша белсенді талқылауға және консенсуске келу алаңын құруға ықпал етті.
Кеңеске қатысушылар тәжірибе алмасып, негізгі жаңартулар мен адамдардың жаппай шоғырлануының және кіру пункттерінің техникалық жағындағы жақында алынған тәжірибені талқылады. Бас маман Арыстан Балмағамбетов Қазақстанның ХМСЕ бойынша кіру пункттерін нығайтудағы жақындағы тәжірибесі мен дайындық аспектілері туралы баяндама жасады (V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары).
Кеңес үйлестірілген күш-жігердің және ХМСЕ-ге (2005 ж.) түзетулер енгізудегі және «2.0 дайындығын қамтамасыз ету» жаңа өңірлік стратегиясын жүзеге асырудағы стратегиялық тәсіл маңыздылығын көрсетті. Қатысушылар негізгі өзгерістермен және нормативтік талаптармен танысуға, сондай-ақ ағымдағы проблемалар мен мүмкіндіктерді талқылауға мүмкіндік алды.