2024 жылдың 1 қазанында ҚР ДСМ СЭСжМҒПО филиалының базасында халықаралық қатысумен жыл сайынғы ЖРВИ және тұмау бойынша өзекті мәселелер» атты ғылыми-практикалық конференция (бұдан әрі – Конференция) өткізілді. Конференция ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаменттерінің, ДСБ мамандары, медицина қызметкерлері үшін гибридті форматта (YouTube арнасында көрсету арқылы), оның ішінде Алматы қаласының және Алматы облысының мамамандары, медицина қызметкерлері үшін офлайн-форматта және қалған өңірлер үшін онлайн-форматта өткізілді.
Конференция барысында ЖРВИ, тұмау және COVID-19 эпидемиологиясы, клиникасы мен диагностикасы бойынша өзекті мәселелер, оның ішінде вакцинопрофилактика мүмкіндіктері талқыланды.
Конференция жұмысына офлайн форматта «А.А. Смородинцев атындағы Тұмау ғылыми-зерттеу институты» ФМБМ (Ресей), ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, СДС/ОАӨ, спикерлері, ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаменттерінің эпидемиологтары және денсаулық сақтау басқармаларының эпидемиологтары, клиницистері офлайн/онлайн форматта қатысты.
Конференция жұмысына офлайн-форматта барлығы 70 адам қатысты, онлайн-форматта 23 465 көрілім арқылы қатысты.