Генетикалық түрлендірілген организмдер (ГТО) – бұл гендік инженерия әдістерінің көмегімен гендік кодтарына бөгде организмдердің гендері енгізілген организмдер. Осындай тәсілмен өсімдіктердің қасиеттерін жақсартады, түрлендірілген өсімдіктер зиянкестерге, аязға және құрғақшылыққа төзімді болып келеді, жемістер мен көкөністердің пішінде дұрыс, бірдей болады, ең бастысы бұл өнімдер мол шығады және оларды сақтау мерзімдері ұзарады. Соңғы онжылдықтарда ГТО дақылдарды өсіру бүкіл дүниежүзінде байқалуда және кең таралуда. Ең алдымен өзгерістерге ұшырайтын өсімдіктер: соя, жүгері, бидай, қызылша, темекі, мақта, рапс, картоп пен құлпынай.
ГТО өнімдерінің адам денсаулығына әсері толық зерттелмеген, ГТО-ның пайдасы мен зияны туралы пікірталастар тоқтамауда, оның жақтаушылары мен қарсы болатындар әрқайсысы өз пайдасына жаңа дәлелдер келтіріп келеді.
Тұтынушылар үшін ГТО өнімдерін сатып алу немесе сатып алмау таңдауы болуы керек, әр адам олардың зияны немесе пайдасы туралы мәселені өзі шешкен дұрыс.
Қазақстан Республикасында ГТО-ның өнімдерде болуының рұқсат етілген нормасы 0,9%-дан жоғары болмауы тиіс және де мұндай өнімдер қатаң түрде таңбалануы тиіс.
Арнайы жабдықсыз қандай өнімде бөгде ген бар екенін, тіпті ол ненің гені екені білу мүмкін емес. ГТО-ны детекциялауға және сәйкестендіруге арналған негізгі әдіс полимеразды тізбекті реакция (ПТР) болып табылады, бұл сынақтың көмегімен қазіргі кезде бүкіл әлемде коммерциялық өндірістегі генетикалық түрлендірілген өсімдіктердің көптеген сұрыптарын анықтауға болады.
ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК «СЭСжМҒПО» филиалының бактериялық, паразиттік инфекцияларды және антибиотикке резистенттілікті бақылау референс-зертханасы (БПИАРБРЗ) тамақ өнімдерінде ГТО болуына зерттеулер жүргізеді.