Балалар және косметика

“Балаларға-ең жақсысы” қағидатына сүйене отырып, көптеген ата-аналар балаларын сапалы тамақпен және күтім құралдарымен қамтамасыз етуге тырысады. Алайда, ата-аналардың барлығы сәбилерге арналған косметикалық құралдарды дұрыс таңдауды біле бермейді. Сендіретін жарнама және тауардың қызықтырар сыртқы түрі оны сатып алуға шақырады және ешқандай күмән туғызбайды. Алайда, өкінішке орай, косметикалық құралдарда зиянды заттар және аллергендер жиі кездеседі.
Бүкіл әлемде балалар косметикасы міндетті түрде сертификаттауға жатады, сондықтан балаңызға косметика сатып алғанда, сатушыдан өнімнің жоғары сапалы екендігін растайтын тиісті құжатты талап ету қажет, күтім жасау заттары:
-гипоаллергенді болуы;
– тек табиғи ингредиенттерден тұруы;
-құрамында консерванттар, оның ішінде әртүрлі жасанды бояғыштардың болмауы керек екендігін ескерукерек.
БАЛАЛАР КОСМЕТИКАСЫН ҚАЛАЙ ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ?
1. «Бәріне белгілі» және танымал болып көрінетін өнімдерді таңдаудан аулақ болыңыз. Әдетте, танымал маркалар мен брендтер өз өнімдерінің сапасын жақсартудан гөрі жарнамаға көп ақша жұмсайды.
2. Тауардың құрамы туралы ақпарат жазылған затбелгіге, тіпті егер атаудың өзінде «табиғи», «емдік шөптер», «табиғаттың барлық күші» сияқты тіркес болса да, назар аударыңыз.
3. Зат сатып алар кезде әр уақытта тауардың құрамын (тіпті егер сіз осы өнімді үнемі қолдансаңыз да) тексеріп алыңыз. Көбінесе өндіруші (белгілі бір уақыт өткеннен кейін) заттың құрамын өзгертуге тырысады.
4. USDA мөрінің болуына назар аударыңыз. Ол өнімнің органикалық екенін айғақтайды.
5. Иіссіз өнімдерді іздеңіз. Бір жасанды хош иістің құрамында жүздеген химиялық заттар болуы мүмкін және аллергиялық реакциялардың туындауына себеп болуы ықтимал.
6. Өнімнің құрамда бөліктерін тізімдеу тәртібіне назар аударыңыз. Бірінші қатарда ең көп болатын ингредиенттер тұрады. Егер, мысалы, календула сығындысы ұзын тізімдегі соңғы ингредиент болса, онда оның құрамында бұл зат өте аз.
Құрметті аналар, балаңыздың нәзік терісіне арналған косметиканы таңдағанда оның құрамына назар аударыңыз. Шынында да, көп нәрсе осыған байланысты: уақыт өтекеле тері шынығып, нығая түсе ме, сіңімді боп, тері әдемілене ме, теріні ылғалдандыра ала ма, әлде одан да қайғылы жағдайға душар етіп, атопиялық дерматитке ұшырата ма, абайлау керек.
Баланың денсаулығы- сіздің қолыңызда!