Қазақстанда 2013 жылдан бастап жаңа мереке – Отбасы күні қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл мерекенің мақсаты – маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу: мәдени дәстүрлерді, рухани құндылықтарды сақтау, жас ұрпақты тәрбиелеу, отбасы институтын нығайту арқылы демографиялық проблемалар мен әлеуметтік қиындықтарды еңсеру.
8-13 қыркүйек аралығында Қазақстан өңірлерінде Ұлттық Отбасы күніне орайластырылған “Болашақты жауапкершілікпен жаса – отбасыңа қамқор бол!” ұранымен ақпараттық науқан өтіп жатыр. Отбасы – жастардың құндылықтарын қалыптастырудың негізгі көзі және мемлекеттің әл-ауқаты мен тұрақтылығына тікелей әсер ететін негізгі әлеуметтік институт.
Мемлекеттік отбасы саясаты отбасыны қолдауға, қорғауға және нығайтуға, оның физикалық, зияткерлік, рухани және адамгершілік құндылықтарын дамытуға жағдай жасауға бағытталған. Қазақстан Президенті кешенді отбасы саясатын жүргізудің және отбасы институтын қолдаудың маңыздылығына баса назар аударып, мықты әрі бақытты отбасы-елдің өркендеуі мен әл-ауқатының негізі екенін атап өтті.
Мемлекеттік деңгейде отбасыны қолдау үшін түрлі шаралар қабылданады. 2022 жылы отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы 2030 жылға дейін жаңартылды, тапсырмалардың орындалуын бағалау үшін нақты индикаторлар анықталды. Әр аймақта Отбасын қолдау орталықтары, Жастар денсаулық орталықтары, отбасылық аула клубтары және отбасылық қарым-қатынас клубтары құрылды. Үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналар үшін толық емес жұмыс күні уақыты енгізілді.
2020 жылдың басынан бастап көп балалы отбасыларға сараланған жәрдемақы енгізілді, ал “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегері атанған отбасылардың тұрғын үй алуға құқығы басым. Аз қамтылған отбасылардың балалары кепілдендірілген әлеуметтік пакет алады, оған оқу құралдарын алу, тегін тамақтану және жеңілдікпен жол жүру кіреді.
2022 жылы Президент Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың арнайы жинақтау шоттарына аударуды көздейтін “Ұлттық қор-балаларға” бағдарламасын іске асыруды бастауды тапсырды. 18 жасқа толғаннан кейін жинақталған қаражатты білім алуға ақы төлеу немесе тұрғын үй сатып алу үшін пайдалануға болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі, ол Қазақстанның стратегиялық құжаттарын іске асыруға және БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге, атап айтқанда, “Баршаның денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету” міндетін орындауға бағытталған.
Белсенді мемлекеттік қолдауға қарамастан, отбасы саясатында тұрмыстық зорлық-зомбылық, саналы түрде ата-ана болу және тартылған әке болу, неке қиюдың төмендеуі, жасанды түсік жасатудың таралуы, ана мен нәресте өлімі, балалар жарақаты, сондай-ақ репродуктивті денсаулықты сақтау жөніндегі мамандардың жетіспеушілігі сияқты мәселелер өзекті болып отыр. Соңғы жылдары тіркелген тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары азайғанымен, проблема, әсіресе ең осал топ ретінде балалар үшін проблема маңызды болып қала береді.
ҚР Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) деректері бойынша 2022 жылы Қазақстанда туу көрсеткіші, 1000 нәрестеге шаққанда, 20,57, өлім-жітім көрсеткіші, 1000 нәрестеге шаққанда, 6,80, табиғи өсім көрсеткіші,1000 адамға шаққанда, 13,77 құрады. 2023 жылы бұл көрсеткіштер өзгерді: туу, 1000 нәрестеге шаққанда, 19,52, өлім-жітім, 1000 нәрестеге шаққанда, 6,57 және табиғи өсім, 1000 адамға шаққанда, 12,95 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда халықтың табиғи өсімінің төмендеуі демографиялық үрдістің нашар екендігін көрсетуі мүмкін.
ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, 2023 жылы, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, ана өлімі көрсеткішінің төмендеуі байқалады: туған 100 000 әйелге шаққанда, 2022 жылы 17,0, ал 2023 жылы 11,4 құрады. 2023 жылы нәрестенің шетінеу көрсеткіші, тірі туылған 1000 нәрестеге шаққанда, 7,67 құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен сәл төмен –7,68. Ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш қалаларға қарағанда жоғары: 8,37 және сәйкесінше 7,18. Айта кету керек, 2008 жылдан 2015 жылға дейін, сондай-ақ 2019, 2020 және 2021 жылдары қалаларда нәрестенің шетінеуі жоғары болды.
Гендерлік статистика 2008 жылдан бері ұлдар арасында нәрестелердің шетінеу көрсеткіші, қыздарға қарағанда, жоғары екенін де көрсетеді, бұл жалпы әлемдік үрдіске сәйкес келеді. 2023 жылы ұлдар арасында шетінеу, тірі туылған 1000 нәрестеге шаққанда, 8,54, ал қыздар арасында, тірі туылған 1000 нәрестеге шаққанда, 6,74 құрады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нәрестенің шетінеуін белгілі бір аймақтағы өмір сүру сапасының интегралды индикаторы ретінде қарастырады. Бұл көрсеткіш жалпы денсаулық жағдайын және жалпы елдегі тұрғындардың өмір сүру деңгейін көрсетеді.
Осылайша, отбасы саясаты болашақ ұрпақтың өмір сүру деңгейіне айтарлықтай әсер етіп, Ұлттық мемлекеттік саясаттың негізі болуы тиіс. Ол тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады.
Отбасы күнін белгілеу елдегі жұртшылықтың назарын отбасының көптеген мәселелеріне аударуды мақсат етеді. Ал оны өткізу отбасыларға қатысты мәселелерде хабардар болу деңгейін арттыруға және отбасылардың жағдайына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық және демографиялық процестер туралы білімді тереңдетуге мүмкіндік береді.
Дені сау отбасы – бұл жағымды психологиялық климат, рухани мәдениет, бала кезінен бастап қартайғанға дейін денсаулықты сақтауға және нығайтуға деген ұмтылыс, әлеуметтік және материалдық жағдайы бар отбасы. Отбасы – бұл жақсы әдеттер қалыптасатын және зиянды әдеттерден бас тартатын негізгі буын, ол – салауатты өмір салтының негізгі көрсеткіші. Өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруды бала туылғаннан бастап бастау керек.