Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинация мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан түсіндіру іс-шаралары

Қазақстанда Иммундау бағдарламасы аясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сарапшылары адам папиллома вирусына қарсы иммундау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

2024 жылы 13-22 тамыз аралығында Қазақстанның төрт қаласында медицина қызметкерлеріне арналған бес көшпелі оқыту семинары өтті. Іс-шараларға еліміздің әр өңірінен 500-ден астам адам, акушер-гинеколог, онколог және эпидемиолог қатысты.

Семинарлардың аясында адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы халықаралық вакцинациялау тәжірибесі қаралды, дүние жүзінде тіркелген және қолданылатын вакциналардың алуан түрлері, сондай-ақ вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу ұсынылды. Қатысушылар түрғындардың қызығушылығын тудыратын басқа өзекті мәселелерді де талқылады.

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 11 жасар қыздарды АПВ онкогендік түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарланып отыр. Вакцина 6 ай аралықпен екі рет салынады.

АПВ вирустардың 200-ден астам түрін қамтиды, терінің және шырышты қабаттардың жарықшақтары мен микрожарақаттары арқылы және жыныстық жолмен беріледі, теріде папилломаларды тудырады, ал кейбір АПВ түрлері қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады. АПВ екі топқа бөлінеді: қаупі төмен АПВ: 6 және 11 түрлері, ауыр ауруларды сирек тудырады, сүйелдердің шығуына себеп болады; қаупі жоғары АПВ: 16 және 18 түрлері, ісік ауруларын (жатыр мойны, сарпай, қынап, жыныс мүшесі және көмей обырларын) тудырады.

“ДДҰ мәліметтері бойынша, вакцина 135 елде қолданылады, вакцинаның 270 миллион дозасы, мың дозасы енгізілді, жағымсыз көріністер байқалмады. Австралияда жүргізілген скрининг деректері бойынша, егу күнтізбесіне 4 валентті вакцина енгізілгеннен кейін, 2005-2015 жылдар аралығында 18-24 жас аралығындағы әйелдер арасында 93%-ға, ал 25-35 жастағы әйелдер арасында 91% -ға АПВ таралуының азайғаны байқалды. АҚШ-та 2006-2017 жылдар аралығында 18-24 жас аралығындағы егілген әйелдер арасында 81% – ға төмендеді. Канадада 2006-2017 жылдар аралығында 17-29 жас аралығындағы әйелдер арасында АПВ таралуының 86%-ға төмендегені байқалды. Швейцарияда 1999-2015 жылдар аралығында 26 жастағы әйелдер арасында 59% -ға төмендеді,” – деп атап өтті ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілдері.

Мобильдік конференцияның соңғы күні гибридті форматта өтті, бұл қатысушыларға республиканың әр өңіріндегі спикерлерді тікелей эфирде тыңдауға мүмкіндік берді.