2024 жылы 12 – 15 тамыз аралығында Данияда ересек адамдар арасында темекі тұтыну туралы жаһандық сауалнамаға (бұдан әрі-GATS) арналған дайындық семинары өтті. Семинар GATS және кешенді стандартты хаттама жүргізу процесін егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының, Қазақстандағы ДДҰ Елдік офисінің, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының, АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC), CDC қорының, Іріктемелі зерттеулерді талдау жөніндегі комитеттің (SRC), Сауалнама парақтарын талдау жөніндегі комитеттің (QRC) және RTI International Халықаралық институтының мамандары қатысты.
Семинар аясында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары 2025 жылға GATS зерттеуін жүргізу жоспарларымен бөлісті.
Семинар соңында қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификат табысталды.