Біздің елде биылғы жылдың жарты жылдығында тұрғындар арасында пневмония ауруы жиырма пайызға өскендігі байқалған.
Сонымен қатар, Африка елдерінде маймыл шешегі ауруының да өзге мемлекеттерге таралуы – ДДСҰ да қатты алаңдатып отырған жағдайы бар. Бұндай ауру біздің елімізде тіркелген жоқ, тіркелмесін де дейміз.
Ал біздің ерекше алаңдауымыздың себебі, күз айларына қарай пневмония ауруының ковид ауруымен қосылып, өршіп кетпеуі үшін алдын ала сақтандыру шараларын күшейтіп, жұмыстану, – дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор Жұмабек Елтекұлы Бекенов.