2024 жылы 2 тамызда екі жылдық бағдарлама – «Зертханалардың 15 көшбасшысына/басшысына арналған Жаһандық бағдарлама» (GLLP) аяқталды
Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты түрде медициналық көмек көрсету, ҚР зертханалық қызметінде кадрларды даярлау және қайта даярлау кезеңдерін ескере отырып, зертханалық қызметті реформалау мен зертханаларды жаңғырту бойынша стратегиялық жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
Денсаулық сақтау мәселелеріндегі Жаһандық қауіпсіздік жағдайында жаңа немесе қайтадан пайда болатын инфекциялардың пайда болуы нәтижесінде, эпидемия немесе пандемия қаупінің туындауы салдарынан зертханаларда мамандар мен басшыларды даярлаудың өзектілігі артып келеді.
Зертханаларда басшыларды даярлаудың осындай бағдарламаларының бірі – 2 жылдық бағдарлама: «Зертхана көшбасшыларына/басшыларына арналған Жаһандық бағдарлама» (GLLP), бұл бағдарлама ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының базасында ұйымдастырылды, әлемнің 6 халықаралық ұйымы бастама жасады және Алматы қаласында 2021 жылдан басталды.
GLLP бағдарламасының мақсаты – зертханалық жүйелерді нығайту және қолдау үшін зертханалардың қазіргі және жаңа көшбасшыларына тәлімгерлік қолдау көрсетуде және дамытуда жәрдемдесу.
2021 жылдан бастап 2 топты дайындады – негізгі 9 құзырет бойынша оқытудан өткен денсаулық сақтау саласынан (олардың ішінде қоғамдық денсаулық сақтау зертханалары мен жеке меншік зертханаларынан); ветеринария және экология салаларынан 29 қатысушы.
Бағдарлама барысында қатысушылар көшбасшылық, жоспарлау, сапаны бақылау, биоқауіпсіздік және биоқорғанысты қоса алғанда, зертханаларды тиімді басқару үшін қажетті дағдыларды меңгерді. Оқыту эпидемиологиялық қадағалау және деректерді талдау, ғылыми зерттеулер бойынша модульдерді де қамтыды, бұл мамандарға жұқпалы аурулардың өршуін анықтау және оған ден қою саласындағы өз қабілеттерін жақсартуға, эпидемиология, эпизоотология, вирусология және басқ. ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолдану үшін дәлелді базаны қалыптастыруға мүмкіндік берді.
2023-2024 оқу жылындағы оқу бағдарламасына денсаулық сақтау, ветеринария және экология салаларындағы менторлар, сондай-ақ ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының сарапшылары: олардың арасында Джоанна Салви Ле Гаррек қатысты. 2024 жылы шілде айында қорытынды тренингке Қазақстандағы ДДҰ Елдік офисінің офицері Бибігүл Аубакирова және СДС өкілі Наталья Ким, ҚДСҰО және СЭСжМҒПО құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Бағдарламаның қорытындысы Қазақстан өңірлеріндегі зертханалық қызметтердің әлеуетін едәуір нығайту болды, бұл зертхана жұмысының сапасы мен тиімділігіне оң әсерін тигізеді. Бағдарламаға қатысушылар озық тәжірибелер мен инновациялық әдістерді талқылауға мүмкіндік алды, бұл оларға өз зертханаларында озық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі жолға қоюға және әртүрлі елдер мен ұйымдар арасында тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
2023-2024 жж. бағдарламаның аяқталуы салтанатты түрде атап өтілді, бағдарламаға қатысушылар 2 жылдық бағдарламаның сәтті аяқталғаны туралы куәлік алды.