Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттықорталығы қарақұрттың шағуынан қалай құтылуғаболатынын хабарлайды

 

Қарақұрт қара жесір ретінде де белгілі. Қазақстанда,ұлттық энциклопедиядағы деректер бойынша,қарақұрттар еліміздің шөлді және дала аймақтарындакөбейеді. Қатты ыстық қарақұрттардың тез көбеюінежәне уыттылығының жоғарылауына әкеледі. Ұрғашылары қауіпті болып саналады. (Factcheck.kz).

Қарақұрт шағуының алдын алу:

– Қарақұрт мекендейтін, мысалы, қопа, ескі құрылыс, бөрене және тастар сияқты жерлерде болудан аулақболыңыз.  

– Сыртта немесе өрмекшілердің мекендеуі мүмкінжерлерде жұмыс істегенде қорғаныс киімдерін, әсіресеқолғап пен ұзын жеңді киім киіңіз.

– табиғат аясында демалған кезде дұрыс орындытаңдаңыз, яғни кеміргіштердің ұяларының жанына, бұталардың, тастардың, құлаған ағаштар мен бұтақтардың қасына, сондай-ақ қоқыстардың жанынатоқтамаңыз, өйткені бұл орындардың бәрі өрмекшілерүшін баспана болуы мүмкін. Өрмекшілер, шаяндаржәне басқа да буынаяқтылардың бар-жоғын анықтауүшін төсек жабындылары мен жеке заттардытексеріңіз.

– өрмекшілер мен басқа жәндіктерден қорғану үшінмоскит торларымен жабдықталған палаткалардыпайдаланыңыз немесе демалыс орнын москитторымен қоршаңыз.

Егер сізді қарақұрт шағып алса?

1. Сабырлы болыңыз: үрейленбеуге тырысыңыз. Қарақұрттың шағуынан өлім сирек болады, әсіресеегер сіз тез арада қажетті шараларды қолдансаңыз, өлім қаупі болмайды.

2. Қозғалысты шектеңіз: удың бүкіл денеге таралуынбәсеңдету үшін қозғалмауға тырысыңыз.

3. Шаққан жерді тазалаңыз: инфекцияның алдын алуүшін шаққан жерді таза сумен және сабынменжақсылап жуыңыз.

4. Салқын компрессті қолданыңыз: ауырсыну мен ісінуді азайту үшін шаққан жерге мұз немесе салқын компресс қойыңыз. Теріге зақым келтірмеу үшін мұздыматаға ораңыз — мұзды тура теріге қоймаңыз, себебітікелей жанасу тіндерге зақым келтіруі мүмкін.

5. Ауырсынуды басатын дәрілер: ауырсыну мен қабынуды азайту үшін парацетамол немесе ибупрофен сияқты ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдаңыз.

6. Жгутты қолданбаңыз: зақымданған аймаққажгутты қолданудан аулақ болыңыз, өйткені бұлжағдайды қиындатуы мүмкін.

7. Медициналық көмекке жүгініңіз: дереу жақынжердегі медициналық мекемеге жүгініңіз. Медицинақызметкерлеріне қарақұрттың шаққаны туралыхабарлаңыз.

8. Симптомдарды байқаңыз: іштің, кеуде қуысыныңнемесе арқадағы қатты ауырсыну, бұлшықеттің жиырылуы, жүрек айну, құсу, бас айналу немесетершеңдік сияқты белгілерге назар аударыңыз. Егеролар байқалса, дереу дәрігерге хабарлаңыз.

9. Уды кетіруге тырыспаңыз (уды сору — бұлтырысып жатқан адамды уландыруы мүмкін қауіптітәжірибе).