Ішімдікті шектен тыс ішудің салдары: барлық адами құндылықтан айырады

Қазақстанда алкогольді шектен тыс тұтыну мәселесі өзекті болып қала береді. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының 2022 жылғы “Салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан азаматтарының үлесі” деген әлеуметтік сауалнамасының нәтижелері көрсеткендей, алкогольдік сусындарды қауіпті дозада тұтынудың таралуы жалпы ересек адамдар арасында 1,9%, ерлер арасында 3%, әйелдер арасында 0,9% құрады.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының деректері бойынша Қазақстанда 90 мыңнан астам адам алкогольді ішімдік ішуден туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары диагнозымен бақылауда тұр, бұл 100 мың адамға шаққанда – 463,6.

ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын 3,0 миллион адам ішімдікті шамадан артық ішкеннен қайтыс болады. Ішімдік ішуге байланысты себептерден жыл сайын 15-29 жас аралығындағы 320 мың адам қайтыс болады.

Көбінесе алкоголь жол-көлік оқиғалары, дене мүшесін зақымдау және зорлық-зомбылық салдарынан болатын өлімге себеп болады. Сонымен қатар ішімдік ішу жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктен болатын өлімнің төрттен бірін тудырады, сондай-ақ ішімдік ішу қорғалмаған секс қаупін күшейту және иммунитетті түсіру нәтижесінде АИТВ мен туберкулез қаупін арттыратыны да дәлелденді.

Денсаулыққа тигізер қысқа мерзімді қауіптер

Ішімдікті артық ішудің салдары бірден білінеді, бұдан денсаулыққа тигізер көптеген зиянды әсерлердің пайда болу қаупі артады. Бұл, көбінесе, ішімдікті артық ішу нәтижесінде болады. Бұлар:

Автокөлік апаттары, құлау, суға бату және күйіп қалу сияқты жарақаттар.

Зорлық-зомбылық, соның ішінде кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру және сексуалдық зорлық-зомбылық.

Ішімдіктен улану.

Қаламайтын жүктілікке, жыныстық жолмен берілетін инфекцияға немесе АИТВ-ға әкелуі мүмкін мінез-құлық.

Түсік тастау және туа біткен ақаулар.

Денсаулыққа тигізер ұзақ мерзімді салдарлар

Уақыт өте келе ішімдікті шамадан тыс ішу созылмалы ауруларға және денсаулыққа қатысты басқа да ауыр проблемаларға әкелуі мүмкін, соның ішінде:

Жүрек және бауыр аурулары, сондай-ақ инсульт

Онкологиялық аурулар

Иммундық жүйенің әлсіреуі

Кем ақыл

Күйзеліс немесе мазасыздық сияқты психикалық денсаулық мәселелері

Әлеуметтік немесе отбасылық мәселелер

Ішімдік ішумен байланысты бұзылыстар

Ішімдік кез келген дозада денсаулыққа зиян тигізеді

ДДҰ мәліметтері бойынша, қатерлі ісік ауруы жағдайында сусынның түріне, сапасына немесе бағасына қарамастан ішімдіктің қауіпсіз дозасы болмайды. Ішімдік пен даму арасындағы себеп-салдарлық байланысқа талдау жасау.

Темекі шегу мен ішімдік – қауіпті үйлесім

Темекі шегу де қатерлі ісік ауруын – ең алдымен өкпе обырын тудыратыны бәріне белгілі. Бірақ темекі мен ішімдікті тұтынудың үйлесімі әлдеқайда қауіпті екен. Мысалы, ішімдікті де ішетін, темекіні де шегетін адамдарда ауыз қуысы, мұрын-жұтқыншақ, көмей және өңеш қатерлі ісігінің даму қаупі тек темекі шегетіндерге немесе тек ішімдік ішетіндерге қарағанда 30 есе жоғары.

Бұл проблема туралы хабардарлықты арттыру және ішімдік ішу деңгейін төмендету үшін ішімдік ішудің қауіптілігі туралы осы маңызды ақпаратты халыққа жеткізу қажет.