«Бірыңғай денсаулық» оқыту бағдарламасы

ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК 2024 жылы 8-9 ақпанда Астанада «Бірыңғай денсаулық» ТЖТ қабылдаған қарарының негізгі басымдықтарын іске асыру шеңберінде USAID LHSS жобасының қолдауымен, адам-жануар-қоршаған орта тоғысында туындайтын және эндемиялық зооноздық ауруларға және басқа да қауіп-қатерлерге қарсы күресте кадрлық әлеуетті ныңайту мақсатында үш сектордағы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мамандарын оқыту үшін «Бірыңғай денсаулық» және зертханалық менеджмент бойынша қысқа мерзімді оқыту бағдарламасын әзірледі.

Пилоттық оқыту шеңберінде «Бірыңғай денсаулық» қысқа мерзімді курсы бойынша 24 сағаттық екі цикл өткізілді, онда Түркістан және Алматы облыстарындағы үш сектордан 120 маманды даярлады. Бірыңғай денсаулық бағдарламасы субұлттық, ұлттық, жаһандық және аймақтық деңгейде адам–жануар-қоршаған орта тоғысында денсаулыққа төнетін ағымдағы немесе ықтимал қауіп-қатерлерді жоюдың салааралық тәсіліне арналған біріктірілген курс болып саналады.

Ұзақтығы 2 кредит/60 сағат болатын «Зертханалық қызметтегі сапаны басқару жүйесі» білім беру бағдарламасы бойынша «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК зертханалық жабдықтармен жарақтандырылған зертханалық тренинг орталығының базасында біліктілікті арттырудың екі циклі өткізілді, онда ДСМ, АШМ, ЭТРМ үш секторынан 40 маманды даярлады. Бағдарлама зертханалық қызметтегі сапаны басқару әдістері мен құралдарын тиімді енгізу және оңтайландыру үшін зертханада сапаны басқару жүйесінің негізгі қағидаттарымен зертханалық қызмет мамандарының кәсіби білімін, іскерліктері мен дағдыларын тереңдетуге бағытталған.

Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экология саласындағы мамандарды қамтитын жоғары білікті оқытушылар құрамында «Бірыңғай денсаулық» және СМЖ бойынша осы курстар бірегей болып табылады.