Астана қаласында 2024 жылы 21 маусымда микробиология кафедрасының негізін қалаушылар А.Л. Котова мен Ш. И. Сарбасованы еске алу мақсатында, және “Астана медицина университетіның” 60 жылдығына арналған “Медициналық микробиологияның өзекті мәселелері” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Форум бағдарламасы медициналық микробиологияның өзекті мәселелеріне – әртүрлі инфекциялардың қоздырғыштарын диагностикалық жолдары (Ку безгекi, ТОРИ, листериоз, қызылша, госпитальдық инфекциялар және т.б.), микробиологтардың кәсіби дайындығына арналған. Үлкен секция бактериялардың микробқа қарсы препараттарға төзімділігі, Қазақстанның түрлі стационарларында шартты-патогенді бактериялардың (оның ішінде ауруханалық инфекциялар қоздырғыштары) айналым жиілігі мәселелеріне арналды. Ресейлік әріптестер өз тәжірибелерімен және Ресей Федерациясындағы медициналық микробиологияның даму перспективаларымен бөлісті.
“Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы” “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” филиалы осы іс-шараға қатысып, “ҚР-да микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу табысының негізі ретінде пәнаралық тәсіл” атты баяндама жасады. Сөз сөйлеу шеңберінде ҚР ДСМ атынан “Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы” ШЖ РМК микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу бойынша өткізетін ұлттық бағдарламалар, “One Health” бірыңғай тәсілі шеңберінде әртүрлі мамандықтағы медицина қызметкерлерін және басқа ведомстволардың мамандарын оқыту мәселелері жария етілді.