Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, кейінгі 36 жылда артық салмақ қосқандардың үлесі екі есе көбейген. Бұл статистикадағы семіздіктен зардап шегетіндер қатарында Қазақстан халқы да бар. Артық салмақ қаншалықты қауіпті, бұл – дерт пе? Ел тұрғындарының 20 пайыздан астамы семіздікке шалдыққан. Ересек адам саналатын 15 жастан асқан азаматтар арасында орта есеппен 29,7 пайыз әйел мен 33,9 пайыз ер адам артық салмақ қосқан. Ал 25,8 пайыз әйел мен 15,3 пайыз еркек тек артық салмақ қана емес, семіздіктен зардап шегеді. Бұл – елдегі ересек адамдардың тең жартысы артық салмақ қосып, семіздікке шалдыққан.
Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/densaulyk/item/660408-el-t-r-yndaryny-te-zhartysy-semizdikke-shaldy-an